Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы N 280 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қарашада N 4241 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11181) бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мына:
      1) "Бизнестiң жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберiнде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) "Бизнестiң жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберiнде кредиттер бойынша кепiлдiктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) "Бизнестiң жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      4) "Бизнестiң жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберiнде өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 148 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3393, 2014 жылғы 19 шілдедегі № 82 (17019), 2014 жылғы 22 шілдедегі № 83 (17020) "Дидар", 2014 жылғы 21 шілдедегі № 82 (19529), 2014 жылғы 23 шілдедегі № 83 (19530) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      2) "Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 355 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3667, 2015 жылғы 16 ақпандағы № 19 (17108) "Дидар", 2015 жылғы 14 ақпандағы № 18 (19617) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысы
      әкімінің міндетін атқарушы Ж. Омар

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы "21" қазандағы
№ 280 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестiң жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
      Қолданыстағы кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасында көзделген мөлшерге дейін төмендету туралы қолдаухаттарды қабылдауды екінші деңгейдегі банктер, Даму банкі, лизингтік компания жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасының көшірмесі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарының болуы негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кiретiн рәсiмдердің (iс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1-іс-қимыл – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО) кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11181) бұйрығымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      2-іс-қимыл – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толықтығын тексеруі, жобаны алдын ала қарауы, көрсетілетін қызметті алушының басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысуын тексеруі, ілеспе хатты әзірлеуі және көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні;
      3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы– 20 (жиырма) минут;
      4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы жобасының мемлекеттік қызмет көрсету шарттарына сәйкестігін тексереді, басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысу, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге шараларын қолдану туралы ақпаратты қарайды, көрсетілетін қызметті алушылардың өңір үшін басым экономика секторларында іске асырылатын жобаларын қарайды, ӨҮК қарауына көрсетілетін қызметті алушылар жобаларының тізімін енгізеді, күн тәртібі мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысының өткізілетін күнін, уақытын және орнын белгілейді. Орындалу ұзақтығы– 13 (он үш) жұмыс күні;
      5-іс-қимыл – ӨҮК отырысын өткізу. Орындалу ұзақтығы– 1 (бір) жұмыс күні;
      6-іс-қимыл – ӨҮК хатшысының ӨҮК отырысының хаттамасын ресімдеуі, ӨҮК отырысының хаттамасынан көшірмені және ілеспе хатты әзірлеуі. Орындалу ұзақтығы – 4 (төрт) жұмыс күні;
      7-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ілеспе хатты тіркеуді және ӨҮК хаттамасынан көшірмені банкке жолдауды жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы– 20 (жиырма) минут.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 24 (жиырма төрт) жұмыс күні.
      6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО кеңсесінде тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi аудан және облыстық маңызы бар қаланың ЖАО көрсетілетін қызметті берушіге ілеспе хаты болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелген құжаттар болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК отырысының өткізілетін күнін, уақытын және орнын келісу болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК отырысын өткізу болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК хаттамасын ресімдеу, ӨҮК отырысының хаттамасынан көшірмені және ілеспе хатты әзірлеу болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК отырысының хаттамасынан көшірмені банкке ұсыну болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:
      1) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО кеңсесі;
      2) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
      5) ӨҮК хатшысы.
      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) сипаттамасы:
      1) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      2) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толықтығын тексеруі, жобаны алдын ала қарауы, көрсетілетін қызметті алушының басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысуын тексеруі, ілеспе хатты әзірлеуі және көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы– 20 (жиырма) минут;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы жобасының мемлекеттік қызмет көрсету шарттарына сәйкестігін тексереді, басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысу, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге шараларын қолдану туралы ақпаратты қарайды, көрсетілетін қызметті алушылардың өңір үшін басым экономика секторларында іске асырылатын жобаларын қарайды, ӨҮК қарауына көрсетілетін қызметті алушылар жобаларының тізімін енгізеді, күн тәртібі мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысының өткізілетін күнін, уақытын және орнын белгілейді. Орындалу ұзақтығы– 13 (он үш) жұмыс күні;
      5) ӨҮК отырысын өткізу. Орындалу ұзақтығы– 1 (бір) жұмыс күні;
      6) ӨҮК хатшысының ӨҮК отырысының хаттамасын ресімдеуі, ӨҮК отырысының хаттамасынан көшірмені және ілеспе хатты әзірлеуі. Орындалу ұзақтығы – 4 (төрт) жұмыс күні;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ілеспе хатты тіркеуді және ӨҮК хаттамасынан көшірмені банкке жолдауды жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы– 20 (жиырма) минут.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Бизнестiң жол картасы - 2020"
бағдарламасы шеңберінде
кредиттер бойынша сыйақы
мөлшерлемесіне субсидия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметінің регламентіне
қосымша

"Бизнестiң жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы


Шартты белгілер:


  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы "21" қазандағы
№ 280 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестiң жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының кеңсесі жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасының көшірмесі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарының болуы негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кiретiн рәсiмдердің (iс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1-іс-қимыл – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО) кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11181) бұйрығымен бекітілген "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      2-іс-қимыл – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толықтығын тексеруі, жобаны алдын ала қарауы, көрсетілетін қызметті алушының басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысуын тексеруі, ілеспе хатты әзірлеуі және көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;
      3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы жобасының мемлекеттік қызмет көрсету шарттарына сәйкестігін тексереді, басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысу, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге шараларын қолдану туралы ақпаратты қарайды, көрсетілетін қызметті алушылардың өңір үшін басым экономика секторларында іске асырылатын жобаларын қарайды, ӨҮК қарауына көрсетілетін қызметті алушылар жобаларының тізімін енгізеді, күн тәртібі мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысының өткізілетін күнін, уақытын және орнын белгілейді. Орындалу ұзақтығы – 8 (сегіз) жұмыс күні;
      5-іс-қимыл – ӨҮК отырысын өткізу. Орындалу ұзақтығы– 1 (бір) жұмыс күні;
      6-іс-қимыл – ӨҮК хатшысының ӨҮК отырысының хаттамасын ресімдеуі, ӨҮК отырысының хаттамасынан көшірмені және ілеспе хатты әзірлеуі. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;
      7-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ілеспе хатты тіркеуді және ӨҮК хаттамасынан көшірмені банкке жолдауды жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.
      7. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті берушіге ілеспе хат болып табылады, ол осы Регламентті 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК отырысының өткізілетін күнін, уақытын, орнын келісу болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК отырысын өткізу болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi кепілдіктер беру/бермеу себептері көрсетілген ӨҮК-ның ресімделген хаттамасы болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК хаттамасынан көшірме болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      1) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО кеңсесі;
      2) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
      5) ӨҮК хатшысы.
      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) сипаттамасы:
      1) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      2) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тексеруі, ілеспе хатты әзірлеуі және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы жобасының мемлекеттік қызмет көрсету шарттарына сәйкестігін тексереді, басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысу, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге шараларын қолдану туралы ақпаратты қарайды, көрсетілетін қызметті алушылардың өңір үшін басым экономика секторларында іске асырылатын жобаларын қарайды, ӨҮК қарауына көрсетілетін қызметті алушылар жобаларының тізімін енгізеді, күн тәртібі мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысының өткізілетін күнін, уақытын және орнын белгілейді. Орындалу ұзақтығы – 8 (сегіз) жұмыс күні;
      5) ӨҮК отырысы. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
      6) ӨҮК хатшысы ӨҮК отырысының хаттамасын ресімдейді, ӨҮК отырысының хаттамасынан көшірмені, ілеспе хатты әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға береді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ілеспе хатты тіркеуді және ӨҮК хаттамасынан көшірмені банкке жолдауды жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы– 1 (бір) жұмыс күні.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Бизнестiң жол картасы - 2020"
бағдарламасы шеңберінде
кредиттер бойынша кепілдіктер
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызметінің регламентіне
қосымша

"Бизнестiң жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы


Шартты белгілер:


  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы "21" қазандағы
№ 280 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: грант беру туралы шарт.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарының болуы негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кiретiн рәсiмдердің (iс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1-іс-қимыл – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО) кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11181) бұйрығымен бекітілген "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      2-іс-қимыл – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының өтінімі мен құжаттар топтамасын тексеруі және көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы. Орындалу ұзақтығы – толық құжаттар топтамасын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні;
      3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      4-іс-қимыл - көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тексеруді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы– 20 (жиырма);
      5-іс-қимыл – Грант алуға үміткер Кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Конкурстық комиссия) отырысы. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні;
      6-іс-қимыл – Конкурстық комиссияның хатшысы грант беру/бермеу туралы ұсыныстарды көрсетіп, Конкурстық комиссияның хаттамасын ресімдейді. Орындалу ұзақтығы – Конкурстық комиссияның соңғы отырысының күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні;
      7-іс-қимыл – Конкурстық комиссияның хатшысы Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - ӨҮК) қарауына Конкурстық комиссияның хаттамасын жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
      8-іс-қимыл – ӨҮК отырысы. Орындалу ұзақтығы – 6 (алты) жұмыс күні;
      9-іс-қимыл –ӨҮК хатшысы ӨҮК хаттамасын ресімдейді. Орындалу ұзақтығы – ӨҮК қарау күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні;
      10-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыны ӨҮК шешімі туралы (хаттамадан көшірме) хабарландырады. Орындалу ұзақтығы – 4 (жұмыс) күні;
      11-іс-қимыл - көрсетілетін қызметті беруші Қаржы агентімен және көрсетілетін қызметті алушымен бірлесіп, грант беру туралы шартқа қол қояды. Орындалу ұзақтығы – ӨҮК отырысы хаттамасының бекітілген күнінен бастап 13 (он үш) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап –43 (қырық үш) жұмыс күні.
      6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын беру болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тіркеуі болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi Конкурстық комиссияның отырысына қатыстыру немесе қатыстырудан бас тарту туралы көрсетілетін қызмет алушыны хабарландыру болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi Конкурстық комиссияның отырысын өткізу болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi Конкурстық комиссияның ресімделген хаттамасы болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi отырысты өткізу туралы ӨҮК мүшелерін хабарландыру болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 8-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 8-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК отырысын өткізу болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 9-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 9-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi грант беру/бермеу себептері көрсетілген ӨҮК ресімделген хаттамасы болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 10-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 10-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті алушыны ӨҮК шешімі туралы (хаттамадан көшірме) хабарландыру болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 11-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 11-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi грант беру туралы үшжақты шарт жасасу болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетiлетiн қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      1) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО кеңсесі;
      2) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
      5) Конкурстық комиссияның хатшысы;
      6) ӨҮК хатшысы.
      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) сипаттамасы:
      1) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының өтінімі мен құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы - 20 (жиырма) минут;
      2) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінімі мен құжаттар топтамасын тексереді. Орындалу ұзақтығы – толық құжаттар топтамасын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тіркейді. Орындалу ұзақтығы - 20 (жиырма) минут;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тексереді. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      5) Конкурстық комиссияның отырысы. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні;
      6) Конкурстық комиссияның хатшысы грант беру/бермеу туралы ұсыныстарды көрсетіп, Конкурстық комиссияның хаттамасын ресімдейді. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні;
      7) Конкурстық комиссияның хатшысы ӨҮК қарауына Конкурстық комиссияның хаттамасын жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
      8) ӨҮК отырысы. Орындалу ұзақтығы – 6 (алты) жұмыс күні;
      9) ӨҮК хатшысы ӨҮК хаттамасын ресімдейді. Орындалу ұзақтығы – ӨҮК қарау күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні;
      10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыны ӨҮК шешімі туралы (хаттамадан көшірме) хабарландырады. Орындалу ұзақтығы – 4 (төрт) жұмыс күні;
      11) көрсетілетін қызметті беруші Қаржы агентімен және көрсетілетін қызметті алушымен бірлесіп, грант беру туралы шартқа қол қояды. Орындалу ұзақтығы – ӨҮК отырысы хаттамасының бекітілген күнінен бастап бастап 13 (он үш) жұмыс күні.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Бизнестің жол картасы - 2020"
бағдарламасы шеңберінде
мемлекеттік гранттар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметінің регламентіне
қосымша

"Бизнестiң жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы


Шартты белгілер:


  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы "21" қазандағы
№ 280 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестiң жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасының көшірмесі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарының болуы негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кiретiн рәсiмдердің (iс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1-іс-қимыл – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО) кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11181) бұйрығымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы– 20 (жиырма) минут;
      2-іс-қимыл – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толықтығын тексеруі, жобаны алдын ала қарауы, көрсетілетін қызметті алушының басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысуын тексеруі, ілеспе хатты әзірлеуі және көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;
      3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы жобасының мемлекеттік қызмет көрсету шарттарына сәйкестігін тексереді, басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысу, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге шараларын қолдану туралы ақпаратты қарайды, көрсетілетін қызметті алушылардың өңір үшін басым экономика секторларында іске асырылатын жобаларын қарайды, ӨҮК қарауына көрсетілетін қызметті алушылар жобаларының тізімін енгізеді, күн тәртібі мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысының өткізілетін күнін, уақытын және орнын белгілейді. Орындалу ұзақтығы – 8 (сегіз) жұмыс күні;
      5-іс-қимыл – ӨҮК отырысын өткізу. Орындалу ұзақтығы– 1 (бір) жұмыс күні;
      6-іс-қимыл – ӨҮК хатшысының ӨҮК отырысының хаттамасын ресімдеуі, ӨҮК отырысының хаттамасынан көшірмені және ілеспе хатты әзірлеуі. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;
      7-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ілеспе хатты тіркеуді және ӨҮК хаттамасынан көшірмені аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО-на жолдауды жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.
      8. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті берушіге ілеспе хат болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК отырысының өткізілетін күнін, уақытын, орнын келісу болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК отырысын өткізу болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету/көрсетпеу себептері көрсетілген ӨҮК-ның ресімделген хаттамасы болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК хаттамасынан көшірме болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      1) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО кеңсесі;
      2) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
      5) ӨҮК хатшысы.
      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) сипаттамасы:
      1) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      2) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тексеруі, ілеспе хатты әзірлеуі және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы жобасының мемлекеттік қызмет көрсету шарттарына сәйкестігін тексереді, басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысу, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге шараларын қолдану туралы ақпаратты қарайды, көрсетілетін қызметті алушылардың өңір үшін басым экономика секторларында іске асырылатын жобаларын қарайды, ӨҮК қарауына көрсетілетін қызметті алушылар жобаларының тізімін енгізеді, күн тәртібі мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысының өткізілетін күнін, уақытын және орнын белгілейді. Орындалу ұзақтығы – 8 (сегіз) жұмыс күні;
      5) ӨҮК отырысы. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
      6) ӨҮК хатшысы ӨҮК отырысының хаттамасын ресімдейді, ӨҮК отырысының хаттамасынан көшірмені, ілеспе хатты әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға береді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ілеспе хатты тіркеуді және ӨҮК хаттамасынан көшірмені аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО-на жолдауды жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы– 1 (бір) жұмыс күні.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Бизнестiң жол картасы - 2020"
бағдарламасы шеңберінде
өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылымды дамыту
бойынша қолдау көрсету"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметінің регламентіне
қосымша

"Бизнестiң жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы


Шартты белгілер: