"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 02 қазандағы N 261 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 қарашада N 4215 болып тіркелді

Қолданыстағы
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11455) бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы "2" қазандағы
№ 261 қаулысымен
бекітілді

"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі-көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс - қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11455) бұйрығымен бекітілген "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттарының болуы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1-іс-қимыл –субсидиялар сомаларын және тұқымдар мен көшеттердің әрбір түрі бойынша субсидия алушылар тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Комиссияның жұмыс органы болып табылады;
      2-іс-қимыл – аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша субсидиялар көлемдері (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен белгіленеді;
      3-іс-қимыл–Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) келісім бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен егістің алдыңғы жылына жыл сайын 1 қыркүйекке дейін келесі жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекітіледі;
      4-іс-қимыл –бөлім субсидиялар алуға құжаттар қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының интернет – ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді. Орындалу ұзақтығы – жыл сайын 20 мамырға дейін.
      Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алуға (пайдалануға) субсидиялар алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер) және тұқым өсіру шаруашылықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар - тұқымшарлар) бөлімге жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 20 маусымға дейінгі, күздік дақылдар бойынша тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде Стандарттың 9 – тармағына сәйкес өтінімдер мен құжаттарды ұсынады:
      1-іс-қимыл–Комиссия көрсетілетін қызметті алушының–ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің және көрсетілетін қызметті алушының - тұқымшардың құжаттарын қабылдайды және тіркейді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
      2-іс-қимыл–Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың–ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың–ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері олар арқылы берілген көрсетілетін қызметті алушылардың–тұқымшарлардың тізілімін қалыптастырады және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына бекітуге жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      3-іс-қимыл–аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін және көрсетілетін қызметті алушылардың– тұқымшарлардың тізілімін бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      4-іс-қимыл–бөлім көрсетілетін қызметті алушылардың–ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін және көрсетілетін қызметті алушылардың–тұқымшарлардың тізілімін бекітілгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      5-іс-қимыл –көрсетілетін қызметті беруші:
      мыналарды:
      облыс бойынша бірінші көбейтілген, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу (көрсетілетін қызметті алушының –тұқымшардың пайдалану) көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді жасайды және бекітеді;
      сатып алынған (көрсетілетін қызметті алушы - тұқымшар пайдаланған) бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостерді қалыптастырады және бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      6-іс-қимыл –көрсетілетін қызметті беруші аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде.
      Оларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған құны бойынша сату шартымен жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өсіруге субсидиялар алу үшін элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары (бұдан әрі–көрсетілетін қызметті алушылар – элиттұқымшарлар) бөлімге тиісті жылғы 20 маусымға дейінгі мерзімде Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінімдер мен құжаттарды ұсынады:
      1-іс-қимыл–Комиссия көрсетілетін қызметті алушының–элиттұқымшардың құжаттарын қабылдайды және тіркейді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
      2-іс-қимыл –Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың–элиттұқымшарлардың тізбесін қалыптастырады және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына бекітуге жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      3-іс-қимыл–аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың - элиттұқымшарлардың тізбесін бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      4-іс-қимыл–бөлім көрсетілетін қызметті алушылардың–элиттұқымшарлардың тізбесін бекітілгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      5-іс-қимыл –көрсетілетін қызметті беруші:
      мыналарды:
      облыс бойынша сатылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді жасайды және бекітеді;
      ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық көшеттерді өсіруге жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостерді қалыптастырады және бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      6-іс-қимыл–көрсетілетін қызметті беруші аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:көрсетілетін қызметті берушіге өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталу күнінен бастап – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні.
      6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі Комиссия құру болып табылады, ол 2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі аудандар бойынша субсидиялардың көлемдерін белгілеу болып табылады, ол 3-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі келесі жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормаларын аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекіту болып табылады, ол 4-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің интернет – ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушылар - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және көрсетілетін қызметті алушылар – тұқымшарлар бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алуға (пайдалануға) субсидиялар алу үшін:
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің және көрсетілетін қызметті алушының – тұқымшардың құжаттарын қабылдау және тіркеу болып табылады, олар 2-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі Комиссияның көрсетілетін қызметті алушылардың– ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың - тұқымшарлардың тізілімін қалыптастыру болып табылады, олар 3-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің көрсетілетін қызметті алушылардың - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін және көрсетілетін қызметті алушылардың–тұқымшарлардың тізілімін бекітуі болып табылады, олар4-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген көрсетілетін қызметті алушылардың– ауыл шаруашылығытауарын өндірушілердің тізбесін және көрсетілетін қызметті алушылардың- тұқымшарлардың тізілімін ұсыну болып табылады, олар 5-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің жиынтық актіні жасауы және бекітуі, жиынтық ведомості қалыптастыруы және бекітуі болып табылады, олар 6-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынуы болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушылар – элиттұқымшарлар жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өсіруге субсидиялар алу үшін:
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушылардың – элиттұқымшарлардың құжаттарын қабылдау және тіркеу болып табылады, олар 2-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі Комиссияның көрсетілетін қызметті алушылардың–элиттұқымшарлардың тізбесін қалыптастыруы болып табылады, ол 3-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің көрсетілетін қызметті алушылардың–элиттұқымшарлардың тізбесін бекітуі болып табылады, ол 4-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген көрсетілетін қызметті алушылардың–элиттұқымшарлардың тізбесін ұсыну болып табылады, ол 5-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің жиынтық актілерді жасауы және бекітуі, жиынтық ведомості қалыптастыруы және бекітуі болып табылады, олар 6-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынуы болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс - қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
      2) облыстың жергілікті атқарушы органы;
      3) Комиссия;
      4) бөлім;
      5) аумақтық қазынашылық бөлімше.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс – қимылдардың) сипаттамасы:
      1) субсидиялар сомаларын және тұқымдар мен көшеттердің әрбір түрі бойынша субсидия алушылар тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) жергілікті атқарушы орган Комиссия құрады;
      2) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша субсидиялар көлемдері (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен белгіленеді;
      3) Министрлікпен келісім бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен егістің алдыңғы жылына жыл сайын 1 қыркүйекке дейін келесі жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекітіледі.
      4) бөлім субсидиялар алуға құжаттар қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының интернет – ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді. Орындалу ұзақтығы –жыл сайын 20 мамырға дейін.
      Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алуға (пайдалануға) субсидиялар алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және көрсетілетін қызметті алушылар - тұқымшарлар бөлімге жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 20 маусымға дейінгі, күздік дақылдар бойынша тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінімдер мен құжаттарды ұсынады:
      1) Комиссия көрсетілетін қызметті алушының– ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің және көрсетілетін қызметті алушының– тұқымшардың құжаттарын қабылдайды және тіркейді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
      2) Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың–ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін, сондай – ақ көрсетілетін қызметті алушылардың–ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері олар арқылы берілген көрсетілетін қызметті алушылардың–тұқымшарлардың тізілімін қалыптастырады және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына бекітуге жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      3) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың– ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін және көрсетілетін қызметті алушылардың– тұқымшарлардың тізілімін бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      4) бөлім көрсетілетін қызметті алушылардың - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін және көрсетілетін қызметті алушылардың– тұқымшарлардың тізілімін бекітілгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті беруші:
      мыналарды:
      облыс бойынша бірінші көбейтілген, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу (көрсетілетін қызметті алушының –тұқымшардың пайдалану) көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді жасайды және бекітеді;
      сатып алынған (көрсетілетін қызметті алушы–тұқымшар пайдаланған) бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостерді қалыптастырады және бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті беруші аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде.
      Оларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған құны бойынша сату шартымен жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өсіруге субсидиялар алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар – элиттұқымшарлар бөлімге тиісті жылғы 20 маусымға дейінгі мерзімде Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінімдер мен құжаттарды ұсынады:
      1) Комиссия көрсетілетін қызметті алушының–элиттұқымшардың құжаттарын қабылдайды және тіркейді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
      2) Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың–элиттұқымшарлардың тізбесін қалыптастырады және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына бекітуге жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      3) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың–элиттұқымшарлардың тізбесін бекітеді. Орындалу ұзақтығы –
2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      4) бөлім көрсетілетін қызметті алушылардың–элиттұқымшарлардың тізбесін бекітілгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті беруші:
      мыналарды:
      облыс бойынша сатылған жеміс–жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді жасайды және бекітеді;
      ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық көшеттерді өсіруге жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостерді қалыптастырады және бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті беруші аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс–қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс–қимылдарының толық сипаттамасы, сондай – ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс–қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес–процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес–процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет–ресурсында орналастырылған.

  "Тұқым шаруашылығын
дамытуды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша

"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау"
мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Көрсетілетін қызметті алушылар - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және көрсетілетін қызметті алушылар - тұқымшарлар бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алуға (пайдалануға) субсидиялар алу үшін


Көрсетілетін қызметті алушылар – элиттұқымшарлар жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өсіруге субсидиялар алу үшін


Шартты белгілер: