"Шардара аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 26-167-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 39-238-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3105 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 26 ақпандағы шығыс № 2-26-3/613 санды хатына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 26-167-V «Шардара аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2647 тіркелген, 2014 жылдың 23 мамырдағы «Шартарап-Шарайна» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Шардара аудандық мәслихатының регламентінде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы:                      З.Талбидин

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы:                                   Т.Бердібеков