"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 2 "Халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2995 нөмірімен тіркелген, 2015 жылы 13 ақпанда "Шамшырақ" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ө.Маткеримовке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Қ.Абдуалиев |