«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабының 1 тармағына сәйкес Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 525 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2805 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйекте аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Абдуалиев
Түлкібас ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 39 қаулысына
1-қосымша
Түлкібас ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 525 қаулысына
1-қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ |
Аудан атауы |
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны |
Оның ішінде |
|
республикалық бюджет есебінен |
жергілікті бюджет есебінен |
|||
1 |
Түлкібас ауданы |
5109 |
4279 |
830 |
Түлкібас ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 39 қаулысына
2-қосымша
Түлкібас ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 525 қаулысына
2-қосымша
Жан басына шаққанда қаржыландырудың мөлшері
Барлығы |
Айына бір тәрбиеленушіге кететін шығыс, теңге (көп емес) |
|||
Бала бақша 60 балаға дейін |
Бала бақша 60 баладан жоғары |
Мектеп жанындағы шағын орталық толық күндік |
Мектеп жанындағы шағын орталық жартылай күндік |
|
22 134 |
19 300 |
12 701 |
7 304 |
Ескерту: Ғимараттар мен құрылымдардың ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығынға қоса есептелмейді.