«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түлкібас ауданында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi төмендегідей белгіленсін.
1) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар;
2) алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 21.12.2015 № 602 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
3) ауылдық жерлерде тұратын әйелдер.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ө.Маткеримовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы М.Жанесен