Ленгер қаласы М.Бишимбаева көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласы әкімінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 22 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 сәуірде № 3133 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 01-13/49 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ленгер қаласы, М.Бишимбаева көшесінің № 76 үй тұрғыны С.Халыбековтың итінің құтырма ауруымен ауруына байланысты М.Бишимбаева көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ленгер қаласы әкімінің орынбасары Қ.Татыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ленгер қаласы әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы Б.Ешімбетов