«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 776 «Төлеби аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3012 тіркелген, 2015 жылғы 25 ақпанда «Ленгір жаршысы» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Төлеби аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіндегі 16-тармақтың 27) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков