«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 579 «2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3407 тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашадағы «Сарыағаш» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Есбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Парманов