"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 523 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 21 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 наурызда № 3079 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес, Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 523 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2827 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қазанда «Отырар алқабы» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.Полатов