"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 21/3 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қазандағы № 46/4 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қарашада № 3427 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4/9 шешiмiмен

Күшін жойған
      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 4/9 шешiмiмен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ордабасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 21/3 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2385 тіркелген, 2015 жылғы 2 қарашадағы "Ордабасы оттары" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      9 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "5) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға ай сайын 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған аз қамтамасыз етілген отбасыларға бiржолғы 28,9 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:
Т.Жанысбаев
      Аудандық мәслихат
хатшысы:
Б.Садвахасов