«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысының Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 1-09/111 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қазығұрт ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт ауылы округі, Молбұлақ елді мекені тұрғынының жеке қосалқы шаруашылығында құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Қазығұрт ауылы округі, Молбұлақ елді мекенінің аумағына шектеу iс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары Б.Асқаровқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ауыл округінің әкімі Ф.Зұлпыхаров