"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Түркістан қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 985 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 706 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 шілдеде № 3231 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Түркістан қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 985 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2792 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 шілдеде «Туркістан» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулының № 1 және № 2 қосымшалары осы қаулының № 1 және № 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      
      Қала әкімі                                 Ә.Өсербаев 

      Түркістан қаласы әкімдігінің
      2015 жылғы «3» маусымдағы
      № 706 қаулысына № 1 қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қала атауы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен

жергілікті бюджет есебінен

1

Түркістан қаласы

13 965

13 300

1855

      Түркістан қаласы әкімдігінің
      2015 жылғы «3» маусымдағы
      № 706 қаулысына № 2 қосымша

Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі

Айына бір балаға жұмсалатын шығыстардың орташа құны  (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар

Балабақшалар

Шағын орталықтар

Санаторлық балабақшалар

Мектепке дейінгі жеке меншік мекемелер (балабақшалар, шағын орталықтар)

қалада

ауылдық жерде

балалар толық күн болатын

балалар жарты күн болатын

18 376

25 055

12 578

6 289

23 000

18 376