"Түркістан қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Түркістан қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 25/144-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 40/232-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 сәуірде № 3111 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына, Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 26 ақпандағы шығыс № 2-26-3/613 санды хатына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түркістан қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 25/144-V «Түркістан қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2606 тіркелген, 2014 жылғы 5 мамырдағы «Түркістан», «Туркистон» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Түркістан қалалық мәслихатының регламентінде:
      7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны қалалық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.Ибрагимов  

      Қалалық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы               М.Ибраим