"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 175 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 106 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 мамырда № 3176 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 175 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2662 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 мамырда «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі                     Ә.Мақұлбаев

Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 16 сәуірдегі № 106
қаулысына 1 қосымша

Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 5 мамырдағы № 175
қаулысына 1 қосымша

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

Қала атауы

Мектепке дейiнгi мекемелердегi орын саны

Оның iшiнде

республикалық бюджет есебiнен

жергiлiктi бюджет есебiнен

1

Кентау қаласы

4275

2635

1640