"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 376 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда № 3518 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Тегін медициналық көмектің кепілдік  берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің   интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Айтахановқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                      Б.Атамқұлов

Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы 4 желтоқсан
№ 376 қаулысына қосымша

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласындағы медициналық ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2.Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі- ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1)Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитарлық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) жөніндегі хаттама;
      2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККБК) көрсетуге қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) жөніндегі хаттама.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сиппатау

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" (бұдан әрі – стандарт) № 294 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен қарастырылған құжаттар мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) басталуына негіз болып табылады.
      5.Мемлекеттік қызметті көрсету процессі келесі рәсімдерден   (іс-қимылдардан) тұрады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің маманы құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және тіркелген құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді. Қатысуға өтінімдер көрсетілетін қызмет беруші хабарландыруды орналастырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады;
      2) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды комиссияның қарауына құжаттарды қабылдаудың соңғы күнінен бастап келесі жұмыс күні 4 (төрт) сағаттың ішінде қабылдайды және тапсырады;
      3) комиссия әлеуетті қызметтер берушілерінің ТМККБК қызметтерін әлеуетті қызмет берушінің қойылатын талаптарға сәйкес болуына (сәйкес болмауына) қатысу өтінімдерін қарайды және әлеуетті қызметтер берушілерін осы жұмыс күні 4 (төрт) сағаттың ішінде айқындайды;
      4) жауапты орындаушы әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) жөніндегі хаттаманы рәсімдейді және көрсетілетін қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін - 1 (бір) жұмыс күні ішінде тапсырады;
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: қатысу өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі өткен күнінен бастап – 2 (екі) жұмыс күні.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатыстырылады:
      1) құрылымдық бөлімшенің маманы;
      2) жауапты орындаушы;
      3) комиссия.
      7. Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. ХҚКО-ға жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілі Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжаттарды ХҚКО-ға ұсынады;
      2) ХҚКО қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштің және құжаттардың тіркеуін жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес толық құжаттар пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөніндегі қолхат береді.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-мен ұсынылған нысан бойынша ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдалануына жазбаша келісім береді;
      3) ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдағаннан кейінгі келесі күні сағат 13.00-ге дейін, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы жібереді;
      4) Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді ХҚКО қызметкері қолхат негізінде, оның ішінде көрсетілген мерзімде, келген кезде қол қойып және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынумен (көрсетілетін қызметті алушының өкілі үшін) және сенімхат бойынша жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдар рәсімінің (іс-қимылының) реттілігін сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ХҚКО-мен өзара іс-қимылдар тәртібін сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету жөніндегі қызметтер
берушінің қойылатын
талаптарға сәйкестігін
(сәйкес еместігін) анықтау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы