"Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-ІV шешіміне толықтыру енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/370-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қаңтарда № 3511 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 9-бабының   1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-ІV «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1983-нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 68-нөмірінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы «Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаржысы есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар тізілімі» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

Руксолитиниб 15 мг, 5 мг

Барлық санаттар

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Н.Әбішов

      Облыстық мәслихат
      хатшысы                                    Қ.Ержан