«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3 тармақтарына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес, «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру»;
2) Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес, «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә.Қаныбековке жүктелсін.
Облыс әкімі Б.Атамқұлов
Д.Сатыбалды
Б.Жылқышиев
Е.Айтаханов
С.Қаныбеков
С.Тұяқбаев
Е.Садыр
А.Абдуллаев
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы «03»
желтоқсан № 367 қаулысына
1-қосымша
«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат туралы хат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 бұйырығымен бекітілген «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында (бұдан әрі – стандарт) көзделген өтініш және құжаттама негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы тапсырған сәттен бастап қажетті құжаттарды қабылдайды және тіркейді, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жібереді – 15 (он бес) минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен құжаттарды қарау, құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысына жіберуі. Орындау ұзақтығы – күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысымен құжаттарды қарау, құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманына жіберу. Орындау ұзақтығы – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманымен құжаттарды қарау және рұқсат беру туралы қорытындыны дайындау. Орындау ұзақтығы – күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен рұқсатқа қол қою. Орындау ұзақтығы – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен көрсетілетін қызметті алушыға рұқсатты беру. Орындау ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі бірліктер қатысады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы;
4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығы осы регламенттің 2 бөлімінің 5 тармағында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.
«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты
суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және
шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес
мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы «03»
желтоқсан № 367 қаулысына
2-қосымша
«Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы көрсетілетін қызметті беруші шешімінің және (немесе) конкурс нәтижесі туралы конкурстық комиссияның хаттамасы негізінде берілген областардың жергілікті атқарушы органдары мен конкурстың жеңімпазы арасындағы су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы қағаз түріндегі шарт.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 бұйырығымен бекітілген «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген өтініш және құжаттама негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілген қызметті алушы берген, Стандарттың 9 тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінім мен құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қабылдауы және тіркеуі. Орындау ұзақтығы – 30 (отыз) минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің конкурстық комиссиясымен конкурстық өтінімдерді қарау және конкурс жеңімпазын анықтау. Орындау ұзақтығы – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің конкурстық комиссия хатшысымен конкурсқа қатысушыларға және облыстың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – ЖАО) жіберу үшін конкурс қорытындылары туралы хаттаманы дайындауы. Орындау ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
4) облыстың ЖАО–ның қаулысын әзірлеу және бекіту. Орындау ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
5) ЖАО-ның кеңсесімен қаулыны көрсетілетін қызметті берушіге беру. Орындау ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманымен келісімшарт жобасын жасау. Орындау ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мен конкурс жеңімпазының арасында су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы келісімшартты жасау. Орындау ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі бірліктер қатысады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің конкурстық комиссиясы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің конкурстық комиссиясының хатшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
5) облыстың ЖАО-ны;
6) ЖАО-ның кеңсесі;
7) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығы осы регламенттің 2 бөлімінің 5 тармағында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.
«Су объектілерін оқшауланған немесе
бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің регламентіне қосымша