«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 64 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2643 болып тіркелген, 2014 жылы 6 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі Б.Атамқұлов
Б.Жылқышиев
С.Қаныбеков
Е.Айтаханов
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қыркүйек № 284 қаулысына
1-қосымша
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық және аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен және кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерімен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетiлетiн қызметті берушінің кеңсесі;
2) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО);
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны:
электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекетінің тәртібін сипаттау
4. Мыналар:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 2-қосымшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО жолыққан кезде және портал арқылы нысан бойынша өтініш мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарын тапсырған кезден бастап, қабылдау және оларды тіркеуді жүргізеді;
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 5 (бес) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды;
Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды.
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 10 (он) минут ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға анықтама жобасын немесе дәлелді бас тартуды дайындайды;
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды.
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 5 (бес) минут ішінде анықтамаға немесе дәлелді бас тартуға қол қояды;
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) орындалу ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарын тапсырған кезден бастап, қабылдау және оларды тіркеуді жүргізеді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 5 (бес) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 10 (он) минут ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға анықтама жобасын немесе дәлелді бас тартуды дайындайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 5 (бес) минут ішінде анықтамаға немесе дәлелді бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібін, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Халыққа қызмет көрсету орталығына әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтылығын көрсете отырып, жүгіну тәртібін сипаттау:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО қажетті құжаттарды және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады (2 (екі) минут ішінде);
2) 1-үдеріс – қызмет көрсету үшін ХҚКО операторы Халыққа қызмет көрсету орталығы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ АЖО) логин мен парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу (1 (бір) минут ішінде);
3) 2-үдеріс – ХҚКО операторымен қызметті таңдау, экранға қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығару және ХҚКО операторымен көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат бойынша (нотариалды куәләндырылған сенім хат болған жағдайда, басқа куәләндырылған сенім хатының мәліметтері толтырылмайды) деректерді енгізу (2 (екі) минут ішінде);
4) 3-үдеріс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сонымен бірге Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат деректері туралы сұраныс жолдау (2 (екі) минут ішінде);
5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ және БНАЖ сенім хат деректерінің бар жоғын тексеру (1 (бір) минут ішінде);
6) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ және сенім хаттың БНАЖ деректерінің болмауына байланысты, деректер алуға мүмкіншіліктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру (2 (екі) минут ішінде);
7) 5-үдеріс – ЭҮШ арқылы электрондық үкіметінің аумақтық шлюзі ақпараттық жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) ХҚКО операторының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәләндырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) жолдау (2 (екі) минут ішінде);
9. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтылығын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу үдерісін сипаттау:
1) 6-үдеріс – ЭҮАШ АЖО электрондық құжатты тіркеу (2 (екі) минут ішінде);
2) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген Стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және негіздемелерін тексеру (өңдеу) (2 (екі) минут ішінде);
3) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болғандығына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру (2 (екі) минут ішінде);
4) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен ХҚКО операторы арқылы ЭҮАШ АЖО қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап) алу (2 (екі) минут ішінде).
10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жолығу тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролінің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркеледі;
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен порталда ЖСН/БСН және паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу;
3) 1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы порталда, тіркелген көрсетілетін қызметті алушы деректерінің түпнұсқалығын тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болғандығына байланысты портал авторизациялаудан бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен осы регламентте көрсетілген қызметті таңдау, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және де пішімді талаптарының және оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызмет алушымен нысанды (деректерді енгізу) толтыру, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәләндіру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушымен ЭЦҚ тіркеу куәлігін алу;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасын) тексеру;
7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу үшін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәләндырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарын (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) ЭҮАШ АЖО жолдау;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген Стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздемелерін тексеру;
10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен порталмен қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысаны бойынша хабарлама) алу. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәләндырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
11. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi осы регламенттiң 1-қосымшасында ұсынылады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халлықа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» вэб-порталының өзара іс-әрекеттері
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 18 қыркүйек
№ 284 қаулысына 2-қосымша
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Басқарма) және облыстық маңызы бар аудан және қалалар жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі - Бөлім) ұсынылады.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін облыс бойынша жиынтық акт мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекетінің тәртібін сипаттау
4. Мыналар:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттар тізбесін қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны.
1) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімдерді құжаттардың толық пакетімен бірге қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді (30 (отыз) минуттан артық емес);
нәтижесі – өтінімнің қабылданғаны туралы талон береді;
өтінімді қабылдап алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетінің өлшемдер мен талаптарға сәйкестігін тексереді (5 (бес) жұмыс күні ішінде);
құжаттардың белгілі деңгейге сәйкестігі анықталғаннан кейін аудан, қала бойынша жиынтық акт дайындайды (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
нәтижесі – әкімге бекітуге ұсынады;
2) Аудан, қала әкімі аудан,қала бойынша жиынтық актіні бекітеді (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
нәтижесі – аудан, қала әкімі бекіткен жиынтық акт;
3) Бөлімнің жауапты орындаушысы аудан, қала бойынша бекітілген жиынтық актіні Басқармаға ұсынады (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
4) Басқарманың жауапты орындаушысы:
Бөлімдерден жиынтық актілерді қабылдайды, тіркеу журналына тіркейді және олардың өлшемдерге және талаптарға сәйкестігін қарайды (3 (үш) жұмыс күні ішінде);
нәтижесі – тіркеу журналына жиынтық актілерді тіркейді;
сәйкестігін анықтағаннан кейін аудандар және қалалар бойынша жиынтық актілерді Комиссияның қарауына жібереді (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
5) Комиссия аудандар және қалалар бойынша жиынтық актілерді қарайды, облыс бойынша жиынтық актіні жасайды және оны Комиссия төрағасына бекітуге жолдайды (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
6) Комиссия төрағасы облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді (3 (үш) жұмыс күні ішінде);
7) Басқарма тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына аудару үшін «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық Департаменті» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Аумақтық қазынашылық бөлімшесі) төлем шоттарының тізілімін жолдайды (3 (үш) жұмыс күні ішінде).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) тізбесі:
1) Бөлімнің жауапты орындаушысы;
2) Әкім;
3) Басқарманың жауапты орындаушысы;
4) Комиссия;
5) Комиссия төрағасы;
6) Аумақтық қазынашылық бөлімшесі.
7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) орындалу ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
1) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімдерді құжаттардың толық пакетімен бірге қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді (30 (отыз) минуттан артық емес);
өтінімді қабылдап алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетінің өлшемдер мен талаптарға сәйкестігін тексереді (5 (бес) жұмыс күні ішінде);
құжаттардың белгілі деңгейге сәйкестігі анықталғаннан кейін аудан, қала бойынша жиынтық акт дайындайды (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
2) Аудан, қала әкімі аудан, қала бойынша жиынтық актіні бекітеді (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
3) Бөлімнің жауапты орындаушысы аудан, қала бойынша бекітілген жиынтық актіні Басқармаға ұсынады (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
4) Басқарманың жауапты орындаушысы:
Бөлімдерден жиынтық актілерді қабылдайды, тіркеу журналына тіркейді және олардың өлшемдерге және талаптарға сәйкестігін қарайды (3 (үш) жұмыс күні ішінде);
сәйкестігін анықтағаннан кейін аудандар және қалалар бойынша жиынтық актілерді Комиссияның қарауына жібереді (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
5) Комиссия аудандар және қалалар бойынша жиынтық актілерді қарайды, облыс бойынша жиынтық актіні жасайды және оны Комиссия төрағасына бекітуге жолдайды (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
6) Комиссия төрағасы облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді (3 (үш) жұмыс күні ішінде);
7) Басқарма тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына аудару үшін Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін жолдайды (3 (үш) жұмыс күні ішінде).
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібін, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролінің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркеледі;
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен порталда ЖСН/БСН және паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу;
3) 1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы деректерінің түпнұсқалығын тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болғандығына байланысты портал авторизациялаудан бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен осы регламентте көрсетілген қызметті таңдау, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және де пішімді талаптарының және оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушымен нысанды (деректерді енгізу) толтыру, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәләндіру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушымен электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін алу;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасын) тексеру;
7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу үшін электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәләндырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарын (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) электрондық үкіметтің аумақтық шлюзі ақпараттық жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) жолдау;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген Стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және негіздемелерін тексеру;
10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен порталмен қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысаны бойынша хабарлама) алу. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәләндырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
9. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi осы регламенттiң 1-қосымшасында ұсынылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және
сапасын арттыруды cубсидиялау» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және
сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халлықа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» вэб-порталының өзара іс-әрекеттері