«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 309 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2855-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 7 қарашада «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі Б.Атамқұлов
Б. Жылқышиев
Е. Айтаханов
С. Қаныбеков
Е. Садыр
С. Тұяқбаев
А. Абдуллаев
Оңтүстік Қазақстан әкімдігінің
2015 жылғы «14» қыркүйектегі
№ 268 қаулысына 1-қосымша
«Бизнестiң жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберiнде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ресімінің (іс-қимылының) басталуына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы» шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген құжаттар негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір ресімнің (іс-қимыл) мазмұны оның орындалу ұзақтылығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайды. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай келсе, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу мөр таңбасы қойылып (кіріс нөмірі, күні) өтініштің көшірмесі беріледі (20 (жиырма) минуттан аспайды) және құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі;
егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай келмесе, көрсетілген қызметті берушінің кеңсесімен көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар қайтарылып беріледі (10 (он) минуттан аспайды);
2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жібереді (10 (он) минуттан аспайды);
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді және ӨҮК қарауына береді (16 (он алты) жұмыс күннен аспайды);
4) ӨҮК жобаларды «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының критерийлеріне сәйкестігін қарастырады және өңірдің басымдылықтарына сәйкес кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделіп, жауапты орындаушыға жіберіледі (5 (бес) жұмыс күннен аспайды);
5) жауапты орындаушы ӨҮК хаттамасының үзіндісін Қаржы агентіне және тиісті даму Банктеріне/Банкіне жібереді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыны жобаның ӨҮК-де қаралу нәтижелері туралы хабардар етеді (3 (үш) жұмыс күннен аспайды).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкері;
2) басшы;
3) жауапты орындаушы;
4) ӨҮК.
7. Әр ресімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы ресімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында келтірілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесіндегі ресімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары тәртібінің графикалық түрде және «Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы» шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесс анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында бейнеленген.
«Бизнестiң жол картасы – 2020»
бағдарламасы шеңберiнде сыйақы
мөлшерлемесіне субсидия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің
регламентіне қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл тәртібінің графикалық түрдегі және мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы «14»
қыркүйектегі № 268 қаулысына
2-қосымша
«Бизнестiң жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберiнде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ресімінің (іс-қимылының) басталуына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы» шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген құжаттар негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір ресімнің (іс-қимыл) мазмұны оның орындалу ұзақтылығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайды. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай келсе, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу мөр таңбасы қойылып (кіріс нөмірі, күні) өтініштің көшірмесі беріледі (20 (жиырма) минуттан аспайды) және құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі;
егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай келмесе, көрсетілген қызметті берушінің кеңсесімен көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар қайтарылып беріледі (10 (он) минуттан аспайды);
2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жібереді (10 (он) минуттан аспайды);
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді және ӨҮК қарауына береді (12 (он екі) жұмыс күннен аспайды);
4) ӨҮК жобаларды «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының критерийлеріне сәйкестігін қарастырады және өңірдің басымдылықтарына сәйкес кредит бойынша кепілдік беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделіп, жауапты орындаушыға жіберіледі (2 (екі) жұмыс күннен аспайды);
5) жауапты орындаушы ӨҮК хаттамасының үзіндісін Қаржы агентіне және тиісті даму Банктеріне/Банкіне жібереді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыны жобаның ӨҮК-де қаралу нәтижелері туралы хабардар етеді (1 (бір) жұмыс күннен аспайды).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкері;
2) басшы;
3) жауапты орындаушы;
4) ӨҮК.
7. Әр ресімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы ресімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында келтірілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесіндегі ресімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары тәртібінің графикалық түрде және «Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы» шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесс анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында бейнеленген.
«Бизнестiң жол картасы – 2020»
бағдарламасы шеңберiнде кредиттер бойынша
кепілдіктер беру беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызметінің регламентіне
қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл тәртібінің графикалық түрдегі және мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы «14»
қыркүйектегі № 268 қаулысына
3-қосымша
«Бизнестiң жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы» шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі болып табылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ресімінің (іс-қимылының) басталуына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы» шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген құжаттар негіз болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір ресімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтылығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкері мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімді қабылдайды. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай келсе, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу мөр таңбасы қойылып (кіріс нөмірі, күні) өтініштің көшірмесі беріледі (20 (жиырма) минуттан аспайды) және құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі;
егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай келмесе, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар қайтарылып беріледі (10 (он) минуттан аспайды);
2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жібереді (10 (он) минуттан аспайды);
3) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдағаннан кейін олардың толықтығын тексереді және Конкурстық комиссия отырысын ұйымдастырады (12 (он екі) жұмыс күн ішінде);
4) конкурстық комиссия құжаттарды қарау барысында көрсетілетін қызметті алушының бизнес-жобасын бағалау критерийлері негізінде ұсынымдар береді (5 (бес) жұмыс күннен аспайды);
көрсетілетін қызмет алушыға грантты беру/бермеу туралы ұсынымдар беру/бермеу себептері көрсетілген Конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және жауапты орындаушыға жолданады (2 (екі) жұмыс күннен аспайды).
5) жауапты орындаушы өткізілген Конкурс нәтижесі бойынша 5 (бес) жұмыс күн ішінде ӨҮК-ге конкурстық комиссия хаттамасын жолдайды.
ӨҮК 12 (он екі) жұмыс күн ішінде келесі шараларды жүзеге асырады:
грант қаражатын беру/бермеу бойынша Конкурстық комиссия ұсынымдарын қарау;
ӨҮК мүшелері арасында көрсетілетін қызметті алушының жобасын және ұсынылған құжаттарды талқылау. Талқылау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушының бизнес-жобаларын іріктеуді жүргізеді және мемлекеттік гранттар беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді және хаттама жауапты орындаушыға жолданады (5 (бес) жұмыс күннен аспайды);
6) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыны жобаның ӨҮК-де қаралу нәтижелері туралы хабардар етеді (2 (екі) жұмыс күн ішінде).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
1) кеңсенің жауапты қызметкері;
2) басшысы;
3) жауапты орындаушысы;
4) Конкурстық комиссия;
5) ӨҮК.
7. Әр ресімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы ресімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында келтірілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесіндегі ресімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары тәртібінің графикалық түрде және «Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы» шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесс анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында бейнеленген.
Бизнестiң жол картасы – 2020»
бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттік
гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметінің регламентіне қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл тәртібінің графикалық түрдегі және мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы «14»
қыркүйектегі № 268 қаулысына
4-қосымша
«Бизнестiң жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберiнде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ресімінің (іс-қимылының) басталуына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы» шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген құжаттар негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір ресімнің (іс-қимыл) мазмұны оның орындалу ұзақтылығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайды. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай келсе, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу мөр таңбасы қойылып (кіріс нөмірі, күні) өтініштің көшірмесі беріледі (20 (жиырма) минуттан аспайды) және құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі;
егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай келмесе, көрсетілген қызметті берушінің кеңсесімен көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар қайтарылып беріледі (10 (он) минуттан аспайды);
2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жібереді (10 (он) минуттан аспайды);
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді және ӨҮК қарауына береді (12 (он екі) жұмыс күннен аспайды);
4) ӨҮК жобаларды «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының критерийлеріне сәйкестігін қарастырады және өңірдің басымдылықтарына сәйкес өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделіп, жауапты орындаушыға жіберіледі (2 (екі) жұмыс күннен аспайды);
5) жауапты орындаушы ӨҮК хаттамасының үзіндісін көрсетілетін қызметті алушыға жібереді (1 (бір) жұмыс күннен аспайды).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкері;
2) басшы;
3) жауапты орындаушы;
4) ӨҮК.
7. Әр ресімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы ресімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында келтірілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесіндегі ресімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары тәртібінің графикалық түрде және «Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы» шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесс анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында бейнеленген.
«Бизнестiң жол картасы – 2020»
бағдарламасы шеңберiнде өндірістік
(индустриялық) инфрақұрылымды дамыту
бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік
көрсетілетін қызметінің регламентіне
қосымша