Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 263 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қыркүйекте № 3342 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16 бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мына:
      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 109 «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2695 нөмірімен тіркелген, 2014 жылдың 19 маусымында «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнің орынбасары Е.Айтахановқа жүктелсiн.

      Облыс әкімі                                Б.Атамқұлов

      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы «9»
қыркүйектегі № 263 қаулысына
1-қосымша

«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік
беру» мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесімен ұсынылады (бұдан әрі – қызмет беруші).
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілген қызмет берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі - аккредиттеу туралы куәлік) болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі-Стандарт1-қосымшасына сәйкес өтініш тапсырады;
      2) қызмет берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдап, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 20-минут ішінде келген құжаттарды қызмет берушінің басшылығына ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, аккредиттеу туралы куәліктің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қою үшін жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы аккредиттеу туралы куәліктің жобасымен танысып, оған қол қояды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5 тармағында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
      1) Порталға кіру;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау;
      3) ЭЦҚ-мен жеке сәйкестендіру нөмірі нөмірі арқылы авторлау, тіркелу;
      4) онлайн мемлекеттік көрсетілетін қызметке тапсырыс беру;
      5) электрондық сауал жолдарын толтыру және қажет болған жағдайда Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттарды электронды түрде тіркеу;
      6) шығыс құжатты тексерген соң көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қоюы қажет. Қол қойған соң арыз автоматты түрде көрсетілетін қызметті берушіге түседі;
      7) түскен арызды көрсетілетін қызметті беруші тіркеген соң, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде арыздың жағдайы автоматты түрде өзгереді. Арызды тіркеген кезден бастап көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде нәтижені беруі тиіс;
      8) нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің жағдайы «Қанағаттанарлыққа» ауысады. Кейін, көрсетілетін қызметті алушы нәтижені көшіре алады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібінің диаграммалық түрде сипатталуы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

«Жергілікті спорт федерацияларына
аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

1

2

3

4

5

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Қызмет берушінің басшылығы

Қызмет берушінің жауапты орындаушысы

Қызмет берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Түскен құжаттарды тіркейді және 20 минут ішінде басшылығының қарауына жолдайды

Сол жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды

Құжаттардың толықтылығын тексеріп, аккредиттеу туралы куәліктің жобасын дайындайды және басшылығына қол қою үшін жолдайды

Аккредиттеу туралы куәліктің жобасымен танысып, оған қол қояды

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 263 қаулысына
2-қосымша

«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат,
1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта
деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi
бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi
санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi
біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi
санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санаттын беру туралы куәлік не спорттық разрядты беру туралы, біліктілік санаттын беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызме берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) ХҚКО;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) ХҚКО кеңсе қызметкері.
      5. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5 тармағында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен тәртібін сипаттау

      6. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес ХҚКО өтініш тапсырады:
      1) ХҚКО жұмысшысы өтінішті тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат береді және қабылданған құжаттарды ХҚКО жинақтау секторына табыстайды. ХҚКО жинақтау секторы сол жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды. Көрсетілген қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО жұмысшысы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келген құжаттарды тіркеу жасайды және 20-минут ішінде алынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушіні (құрылымдық бөлімшені) анықтап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санаттын беру туралы куәлік не спорттық разрядты беру туралы, біліктілік санаттын беру туралы бұйрықтың көшірмесінің жобасын дайындайды және басшылыққа қол қою үшін жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы жобасымен танысып, оған қол қояды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және Стандарттың 4-тармағында айқындалған мерзімде ХҚКО жолдайды;
      11) ХҚКО жұмысшысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне
кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар
және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi
орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы,
бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламентіне 1 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

1

2

3

4

5

6

7

ХҚКО қызметкері

ХҚКО қызметкері

Қызмет берушінің кеңсе қызметкері

Қызмет берушінің басшылығы

Қызмет берушінің жауапты орындаушысы

Қызмет берушінің басшылығы

Қызмет берушінің кеңсе қызметкері

Өтінішті тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат береді және қабылданған құжаттарды ХҚКО жинақтау секторына табыстайды. Жинақтау секторы сол жұмыс күні ішінде құжаттарды қызмет берушінің басшылығы жолдайды.

Көрсетілген қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО жұмысшысы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келген құжаттарды тіркеу жасайды және

20-минут ішінде алынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдайды

Сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушіні анықтап, құжаттарды қарауға жолдайды

Құжаттардың толықтылығын тексеріп, спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санаттын беру туралы куәлік не спорттық разрядты беру туралы, біліктілік санаттын беру туралы бұйрықтың көшірмесінің жобасын дайындайды және басшылыққа қол қою үшін жолдайды

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы жобасымен танысып, оған қол қояды

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және Стандарттың 4-тармағында айқындалған мерзімде ХҚКО жолдайды

8

ХҚКО жұмысшысы

Қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 263 қаулысына
3-қосымша

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы,
1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты
спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар
және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,
біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт
төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады. Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санаттын беру туралы спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санаттын беру туралы куәлік не спорттық разрядты беру туралы, біліктілік санатты беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) ХҚКО;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) ХҚКО кеңсе қызметкері.
      5. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5 тармағында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен тәртібін сипаттау

      6. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес ХҚКО өтініш тапсырады:
      1) ХҚКО жұмысшысы өтінішті тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат береді және қабылданған құжаттарды ХҚКО жинақтау секторына табыстайды. ХҚКО жинақтау секторы сол жұмыс күні ішінде құжаттарды жергілікті атқарушы органға жолдайды. Көрсетілген қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО жұмысшысы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келген құжаттарды тіркеу жасайды және 20-минут ішінде алынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушіні (құрылымдық бөлімшені) анықтап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санаттын беру туралы спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санаттын беру туралы куәлік не спорттық разрядты беру туралы, біліктілік санатты беру туралы бұйрықтың көшірмесі жобасын дайындайды және басшылыққа қол қою үшін жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы жобасымен танысып, оған қол қояды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және Стандарттың 4-тармағында айқындалған мерзімде ХҚКО жолдайды;
      11) ХҚКО жұмысшысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы,
1-жасөспірімдік-разрядты спортшы,
2-жасөспірімдік-разрядты спортшы,
3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық
разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi
екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi
орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,
біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты
нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламентіне 1 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

1

2

3

4

5

6

7

ХҚКО қызметкері

ХҚКО қызметкері

Қызмет берушінің кеңсе қызметкері

Қызмет берушінің басшылығы

Қызмет берушінің жауапты орындаушысы

Қызмет берушінің басшылығы

Қызмет берушінің кеңсе қызметкері

Өтінішті тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат береді және қабылданған құжаттарды ХҚКО жинақтау секторына табыстайды. Жинақтау секторы сол жұмыс күні ішінде құжаттарды қызмет берушінің басшылығы жолдайды.

Көрсетілген қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО жұмысшысы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келген құжаттарды тіркеу жасайды және 20-минут ішінде алынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдайды

Сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушіні анықтап, құжаттарды қарауға жолдайды

Құжаттардың толықтылығын тексеріп, спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санаттын беру туралы куәлік не спорттық разрядты беру туралы, біліктілік санаттын беру туралы бұйрықтың көшірмесінің жобасын дайындайды және басшылыққа қол қою үшін жолдайды

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы жобасымен танысып, оған қол қояды

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және Стандарттың 4-тармағында айқындалған мерзімде ХҚКО жолдайды

8

ХҚКО жұмысшысы

Қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді