Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 260 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қыркүйекте № 3341 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) «ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;
      2) «II, III және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбековке жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Б.Атамқұлов

      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы «4»
қыркүйектегі № 260 қаулысына
1-қосымша

«ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық);
      3) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу (бұдан әрі - рұқсат) немесе Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарты10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын қоса бере отырып, қызметті алушының өтініші немесе электрондық құжат нысанындағы сұрау болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы немесе қағаз түрінде түскен өтінімді көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде тіркеуді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдауды жүзеге асырады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы екі сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысады және қарар жазады. Көрсетілетін қызметті берушінің сәйкесінше құрылымдық бөлімшенің басшысына (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшенің басшысы) құжаттарды береді;
      3) құрылымдық бөлімшенің басшысы екі сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын анықтайды (бұдан әрі – орындаушы);
      4) орындаушы ІІ санаттардағы объектілер үшін күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде, ІІІ, IV санаттағы объектілер үшін күнтізбелік 5 (бес) күннен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттарды толықтылық тұрғысына және сәйкестігіне қарайды;
      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі және сәйкес еместігі анықталған жағдайда орындаушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 4-тармағында көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тарту туралы жауап дайындайды;
      5) құрылымдық бөлімшенің басшысымен екі сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тарту туралы жауап келісіледі;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен екі сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тарту туралы жауапқа қол қойылады;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тарту туралы жауапты 15 минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолма қол немесе пошта арқылы жібереді;
      Ұсынылған құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес және толық болған жағдайда орындаушы ІІ санаттағы объектілер үшін 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде, ІІI санаттағы объектілер үшін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, IV санаттағы объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, қайта рәсімдеу 1 (бір) ай мерзімде рұқсат дайындайды;
      8) құрылымдық бөлімшенің басшысымен екі сағат ішінде оң шешім келісіледі;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен екі сағат ішінде оң шешімге қол қойылады;
      10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 15 минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолма қол немесе пошта арқылы жібереді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы;
      3) тиісті құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы;
      4) кеңсе маманы.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы мен әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып осы регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Орталық арқылы көрсетiлетiн қызметті беруші мен қызметті алушының рәсімдер (іс-қимыл) тәртібі мен реттілігінің сипаттамасы:
      1) қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасымен орталыққа жүгінеді. Орталықтың курьері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жеткізеді;
      2) өтінімді көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде тіркеуді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдауды жүзеге асырады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы екі сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысады және қарар жазады. Құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды береді;
      4) құрылымдық бөлімшенің басшысы екі сағат ішінде жауапты орындаушысын анықтайды;
      5) орындаушы ІІ санаттардағы объектілер үшін күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде, ІІІ, ІV санаттағы объектілер үшін күнтізбелік 5 (бес) күннен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттарды толықтылық тұрғысына және сәйкестігіне қарайды;
      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі және сәйкес еместігі анықталған жағдайда орындаушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 4-тармағында көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тарту туралы жауап дайындайды;
      6) құрылымдық бөлімшенің басшысымен екі сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тарту туралы жауап келісіледі;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен екі сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тарту туралы жауапқа қол қойылады;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тарту туралы жауапты 15 минут ішінде тіркейді және орталықтың курьеріне береді;
      Ұсынылған құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес және толық болған жағдайда орындаушы ІІ санаттағы объектілер үшін 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде, ІІI санаттағы объектілер үшін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, IV санаттағы объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, қайта рәсімдеу 1 (бір) ай мерзімде рұқсат дайындайды;
      9) құрылымдық бөлімшенің басшысымен екі сағат ішінде оң шешім келісіледі;
      10) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен екі сағат ішінде оң шешімге қол қойылады;
      11) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 15 минут ішінде тіркейді және орталықтың курьеріне береді.
      9. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiндегі көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының жүгiну тәртібі мен рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушының Порталға кіруі;
      2) көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік қызметті таңдау;
      3) көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмері немесе бизнес сәйкестендіру нөмері арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркелуі және авторизациялануы;
      4) көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік қызметке «онлайн» тапсырыс беру;
      5) көрсетілетін қызметті алушымен электрондық сұрату жиегін толтыру және мемлекеттік қызмет Стандартының 9-тармағында қарастырылған тізімге сәйкес электрондық түрде құжаттар топтамасын бекіту;
      6) шығыс құжатты тексергеннен кейін көрсетілетін қызметті көрсетуші ЭЦҚ-мен қол қоюы керек. Қол қойылғаннан кейін өтініш автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушыға түседі;
      7) көрсетілетін қызметті беруші түскен өтініш тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің мәртебесі автоматты түрде өзгереді. Өтініш тіркелген кезден бастап мемлекеттік қызмет Стандартының 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті беруші нәтижесін беруі тиіс;
      8) оң нәтиже болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің мәртебесі «Қанағаттандырылды» болып өзгереді. Бұдан кейін көрсетілетін қызметті алушы нәтижесін жүктеуіне болады.
      10. Мемлекеттік қызметті Портал арқылы көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі мен процедуралардың (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау диаграмма түрінде осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстердің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін
қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті Портал арқылы көрсету кезіндегі іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы

      Шартты белгілер:

«ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін
қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

«ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстердің анықтамалығы 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «4» қыркүйектегі № 260 қаулысына
2-қосымша

«ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық);
      3) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – II, III және IV санаттағы объектілер үшін «келісіледі/келісілмейді» деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру немесе Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарты4-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушілердің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын қоса бере отырып, қызметті алушының өтініші немесе электрондық құжат нысанындағы сұрау болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы немесе қағаз түрінде түскен өтінімді көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде тіркеуді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдауды жүзеге асырады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы екі сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысады және қарар жазады. Көрсетілетін қызметті берушінің сәйкесінше құрылымдық бөлімшенің басшысына (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшенің басшысы) құжаттарды береді;
      3) құрылымдық бөлімшенің басшысы екі сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын анықтайды (бұдан әрі – орындаушы);
      4) орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды толықтылық тұрғысына қарайды.
      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда орындаушы, мемлекеттік қызмет Стандартының 4-тармағында көрсетілген мерзімде өтінімді көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;
      5) ұсынылған құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қайтару туралы шешім көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен екі сағат ішінде келісіледі;
      6) ұсынылған құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қайтару туралы шешімге көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен екі сағат ішінде қол қойылады;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы ұсынылған құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қайтару туралы шешімді 15 минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолма қол немесе пошта арқылы жібереді.
      Ұсынылған құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес және толық болған жағдайда орындаушы ІІ санаттағы объектілер үшін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде, ІІІ және ІV санаттағы объектілер үшін 10 (он) жұмыс күні ішінде, қайта тапсырған кезде ІІ санаттағы объектілер үшін 10 (он) жұмыс күні ішінде, ІІІ және ІV санаттағы объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен екі сағат ішінде шешім келісіледі;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен екі сағат ішінде шешімге қол қойылады;
      10) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе маманы 15 минут ішінде «келісіледі/келісілмейді» деген тұжырыммен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол немесе пошта арқылы жібереді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы;
      3) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы;
      4) кеңсе маманы.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы мен әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып осы регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында көрсетілген.

4. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнің сипаттамасы

      8. Орталыққа жүгiну тәртiбiнің, көрсетiлетiн қызметті беруші мен қызметті алушының өтiнiшiн өңдеу ұзақтығының сипаттаммасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасымен орталыққа жүгiнеді. Орталықтың курьері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жеткізеді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 15 минут ішінде құжаттарды тіркеуді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдауды жүзеге асырады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы екі сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысады және қарар жазады. Көрсетілетін қызметті берушінің сәйкесінше құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды береді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын анықтайды (бұдан әрі – орындаушы);
      5) орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды толықтылық тұрғысына қарайды.
      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда орындаушы, мемлекеттік қызмет Стандартының 4-тармағында көрсетілген мерзімде өтінімді көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;
      6) ұсынылған құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қайтару туралы шешім көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен екі сағат ішінде келісіледі;
      7) ұсынылған құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қайтару туралы шешімге көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен екі сағат ішінде қол қойылады;
      8) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе маманы 15 минут ішінде ұсынылған құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қайтару туралы шешімді тіркейді және орталықтың курьеріне береді.
      Ұсынылған құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес және толық болған жағдайда орындаушы ІІ санаттағы объектілер үшін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде, ІІІ және ІV санаттағы объектілер үшін 10 (он) жұмыс күні ішінде, қайта тапсырған кезде ІІ санаттағы объектілер үшін 10 (он) жұмыс күні ішінде, ІІІ және ІV санаттағы объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен екі сағат ішінде шешім келісіледі;
      10) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен екі сағат ішінде шешімге қол қойылады;
      11) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе маманы 15 минут ішінде «келісіледі/келісілмейді» деген тұжырыммен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және орталықтың курьеріне береді.
      9. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiндегі көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының жүгiну тәртібі мен рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушының Порталға кіруі;
      2) көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік қызметті таңдау;
      3) көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмері немесе бизнес сәйкестендіру нөмері арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркелуі және авторизациялануы;
      4) көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік қызметке «онлайн» тапсырыс беру;
      5) көрсетілетін қызметті алушымен электрондық сұрату жиегін толтыру және мемлекеттік қызмет Стандартының 9-тармағында қарастырылған тізімге сәйкес электрондық түрде құжаттар топтамасын бекіту;
      6) шығыс құжатты тексергеннен кейін көрсетілетін қызметті көрсетуші ЭЦҚ-мен қол қоюы керек. Қол қойылғаннан кейін өтініш автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушыға түседі;
      7) көрсетілетін қызметті беруші түскен өтініш тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің мәртебесі автоматты түрде өзгереді. Өтініш тіркелген кезден бастап мемлекеттік қызмет Стандартының 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті беруші нәтижесін беруі тиіс;
      8) оң нәтиже болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің мәртебесі «Қанағаттандырылды» болып өзгереді. Бұдан кейін көрсетілетін қызметті алушы нәтижесін жүктеуіне болады.
      10. Мемлекеттік қызметті Портал арқылы көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі мен процедуралардың (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау диаграмма түрінде осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті Портал арқылы көрсету кезіндегі іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы

      Шартты белгілер:

«ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін
мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

«ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестердің анықтамалығы