Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 247 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте № 3339 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабының 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) «Ғибадат үйлерін ( ғимараттарын ) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;
      2) «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 154 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2706-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 9 шілдеде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Айтахановқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Б. Атамқұлов

      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «14» тамыздағы № 247 қаулысына
1-қосымша

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ғибадат үйлерін (имараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы облыс әкімдігінің қаулысы немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі - Стандарт10-тармағымен көзделген жағдайда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу реттілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30 минут ішінде келген құжаттарды басшылыққа ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30 минут ішінде құжаттарды қарауға жауапты орындаушыны белгілейді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеріп және облыс әкімдігінің қаулысының жобасын әзірлейді.
      Стандарттың 10 тармағымен көзделген жағдайда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бас тарту туралы дәлелденген жауаптың жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы дәлелденген жауапқа қол қояды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы оларды сол жұмыс күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне қарауға береді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі берілген құжаттарды қарайды және қаулы қабылдайды, одан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге береді;
      6) әкімдіктің қаулысын алғаннан кейін Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жауаптың жобасын дайындайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні жауаптың жобасына қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің қосымшасы бар жауабын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету
процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      4) Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.
      7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетілген сипаттамасы осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы түрінде берілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      Қызмет көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы түрінде осы регламенттің қосымшасында берілген.

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын жерін
айқындау туралы шешім беру»
көрсетілетін мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1

2

3

4

5

6

7

8

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30 минут ішінде келген құжаттарды басшылыққа ұсынады

30 минут ішінде құжаттарды қарауға жауапты орындаушыны белгілейді

Стандарттың 10 тармағымен көзделген жағдайда және негіздемелер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды және қызмет берушінің басшылығы дәлелді жауапқа қол қояды
 
Құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады және оларды келісу үшін «Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жолдайды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеп, сол жұмыс күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі не қарауға береді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі берілген құжаттарды қарайды және қаулы қабылдайды, одан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге береді

Әкімдіктің қаулысын алғаннан кейін Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімде сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жауаптың жобасын дайындайды
 
Сол жұмыс күні жауаптың жобасына қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді

30 минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің қосымшасы бар жауабын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді
 
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы «14»
тамыздағы № 247 қаулысына
2-қосымша

«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Үйлерді (ғмараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы облыс әкімдігінің қаулысы немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі - Стандарт10 тармағымен көзделген жағдайда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу реттілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30 минут ішінде келген құжаттарды басшылыққа ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30 минут ішінде құжаттарды қарауға жауапты орындаушыны белгілейді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеріп және облыс әкімдігінің қаулысының жобасын әзірлейді.
      Стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бас тарту туралы дәлелденген жауаптың жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы дәлелденген жауапқа қол қояды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы оларды сол жұмыс күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне қарауға береді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі берілген құжаттарды қарайды және қаулы қабылдайды, одан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге береді;
      6) әкімдіктің қаулысын алғаннан кейін Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жауаптың жобасын дайындайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні жауаптың жобасына қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің қосымшасы бар жауабын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету
процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      4) Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.
      7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетілген сипаттамасы осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы түрінде берілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      Қызмет көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы түрінде осы регламенттің қосымшасында берілген.

«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(имараттары) етіп қайта бейіндеу
(функционалдық мақсатын өзгерту), туралы
шешімді беру» көрсетілетін мемлекеттік
регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы 

1

2

3

4

5

6

7

8

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызмет кері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30 минут ішінде алынған құжаттарды басшылыққа ұсынады

30 минут ішінде құжаттарды қарауға жауапты орындаушыны белгілейді

Стандарттың 10 тармағымен көзделген жағдайда және негіздемелер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды және қызмет берушінің басшылығы дәлелді жауапқа қол қояды

Құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады және оларды келісу үшін «Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жолдайды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеп, сол жұмыс күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне қарауға береді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі берілген құжаттарды қарайды және қаулы қабылдайды одан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге береді