Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемін айқындау туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 36 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 шілдеде № 3292 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» ережесінің 8-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 3 «Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау көлемін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2601 нөмірінде тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде 2014 жылдың 19 сәуірде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      С.Тұяқбаев
      Б.Жылқышиев
      Р.Жексембаева
      П.Тастанов

Облыс әкімінің 2015 жылғы
"16" шілдедегі № 36 шешіміне
қосымша

Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған cубсидиялар көлемі

Қала мен аудандардың атауы

Жылдық лимит, мың текше метр

Субсидия көлемі, мың теңге

1

Қазығұрт

94700

3686

2

Мақтарал

371700

69491

3

Ордабасы

38100

2411

4

Отырар

106200

12674

5

Сарыағаш

88100

3391

6

Шардара

440118

89730

7

Түркістан

15850

18618

Жиыны:

1154768

200000