Субсидиялауға жататын жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің шекті сатылу бағаларын және қалалар, аудандар бойынша cубсидия көлемдерін белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 194 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 шілдеде № 3247 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-1 бабының 11) тармақшасына және "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 тіркелген бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің шекті сатылу бағасы;
      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қалалар және аудандар бойынша субсидиялар көлемі белгіленсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 325 "Субсидиялауға жататын элиталық тұқым мен көшеттердің квотасын және шекті бағаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2838 болып тіркелген, 2014 жылы 28 қазанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Айтаханов
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 1 шілдедегі № 194 қаулысына
1-қосымша

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің шекті сатылу бағасы

р/с №
Дақыл түрі
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің бір данасын сатудың шекті бағасы, теңге
1
Жеміс-жидек дақылдарының көшеттері
210
2
Жүзім көшеттері
135

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 1 шілдедегі № 194 қаулысына
2-қосымша

Қалалар және аудандар бойынша субсидиялар көлемі

      plain тонна/дана

р/с №

Қала, аудан атауы

Ауыл шаруашылығы дақылы

Субсидия көлемі, мың тенге

оның ішінде

бидай

арпа

мақ сары

мақта

жоңышқа

картоп

күріш

жүгері

Көшеттер

жеміс

жүзім

1
Арыс қаласы
30,6
4,4
0,1
0,42
1,9
 
 
7,3
 
 
2393
2
Бәйдібек
80,7
55,8
3,3
 
8,7
 
 
5,0
 
 
7056
3
Қазығұрт
139,3
26,4
2,5
 
7,8
30,06
 
1,5
825000
300000
151746
4
Мақтарал
 
 
 
36,12
8,4
 
6,8
24,2
 
 
8495
5
Ордабасы
47,1
10,7
0,7
3,75
11,0
60,13
 
10,1
 
 
11160
6
Отырар
 
 
 
 
8,3
 
 
22
 
 
5686
7
Сайрам
30,6
7,4
1,1
 
5,2
327,09
 
 
 
 
25635
8
Сарыағаш
51,5
20,7
1,5
0,09
5,0
667,41
 
24,5
965237
2174000
383512
9
Созақ
 
4,1
 
 
4,6
 
 
 
 
 
1869
10
Төлеби
46,3
28,9
1,8
 
10,3
84,18
 
 
 
 
11577
11
Түлкібас
43,2
33,6
1,6
 
2,7
72,15
 
 
 
 
7792
12
Шардара
 
 
 
8,39
12,1
 
3,7
10,4
 
 
6562
13
Түркістан қаласы
22,4
 
 
4,22
5,9
78,16
 
14,8
 
 
10159
 
Барлығы
491,7
192
12,6
53
91,9
1319,18
10,5
119,8
1790237
2474000
633642