«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 276 «Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2819-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 15 қазанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) және 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 311 «Білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2842-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 4 қарашада «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ. Айтахановқа жүктелсін.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
Б.Оспанов
Б.Жылқышиев
Е.Айтаханов
С.Қаныбеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
Р.Исаева
Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы 12 маусым
№ 175 қаулысына
1-қосымша
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа толмаған) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар аудандары мен қалаларының білім бөлімдерімен, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – Орталық);
3) «электронды үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды және қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейінгі ұйымдарда орын болмаған жағдайда кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама беру болып табылады.
Портал арқылы жүгінгенде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі және (немесе) «жеке кабинетке» қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) қойылған электронды құжат түріндегі хабарламасы жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз тасымалдағышпен жүгінгенде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды нысанда рәсімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының электронды сұранымы негіздеме болады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері өтінішті қабылдайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін әзірлейді және Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде басшылыққа мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойдырады, сонан соң мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеп, көрсетілетін қызметі алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға табыстайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5 тармағында келтірілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды Орталыққа ұсынады:
1) Орталық жұмысшысы түскен өтінішті тіркеп, көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғаны жөнінде қолхат береді де қабылданған құжаттарды Орталықтың жинақтаушы секторына жөнелтеді. Орталықтың жинақтаушы секторы сол жұмыс күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жөнелтеді;
көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық емес ұсынған жағдайда Орталық жұмысшысы өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері өтінішті қабылдап, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде басшылыққа мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойдырады және Орталыққа жолдайды;
3) Орталық жұмысшысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.
9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін Портал арқылы жүргізілетін үдерістердің барлық кезеңдері:
1) Порталға кіру;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау:
3) ЭЦҚ-мен жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы авторлау, тіркелу;
4) онлайн мемлекеттік көрсетілетін қызметке тапсырыс беру;
5) электрондық сауал жолдарын толтыру және қажет болған жағдайда Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес электронды түрде құжаттарды тіркеуі қажет;
6) шығыс құжатты тексерген соң көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қоюы қажет. Қол қойған соң өтініш автоматты түрде көрсетілетін қызметті берушіге түседі;
7) түскен өтінішті көрсетілетін қызметті беруші тіркеген соң, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің жағдайы автоматты түрде өзгереді. Өтінішті тіркеген кезден бастап Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші нәтижені беруі тиіс;
8) нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің жағдайы «Қанағаттанарлыққа» ауысады. Кейін, көрсетілетін қызметті алушы нәтижені көшіре алады.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібінің диаграммалық түрде сипатталуы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу
үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған)
балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін
қызметінің регламентіне 1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде әрекет ететін ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы
Шартты белгілер:
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу
үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған)
балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін
қызметінің регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
1 |
2 |
3 |
4 |
Орталық жұмысшысы |
Көрсетілетін қызметті алушы |
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері |
Орталық жұмысшысы |
Түскен өтінішті тіркеп, көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғаны жөнінде қолхат береді де қабылданған құжаттарды Орталықтың жинақтаушы секторына жөнелтеді. Орталықтың жинақтаушы секторы сол жұмыс күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жөнелтеді |
Құжаттардың топтамасын толық емес ұсынған жағдайда Орталық жұмысшысы өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді |
Өтінішті қабылдап, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде басшылыққа мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойдырады және Орталыққа жолдайды |
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді |
Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы 12 маусым
№ 175 қаулысына
2-қосымша
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысында барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдармен (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады.
Өтініштер мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: баланың ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға қызмет алушының өтініші негіздеме болады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері түскен құжаттарды тіркейді және 10 минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына жолдайды;
3) құжаттарды қарап болған соң 20 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5-тармағында келтірілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің
регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы |
1 |
2 |
Түскен құжаттарды тіркейді және 10 минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына жолдайды |
Құжаттарды қарап болған соң 20 минут ішінде баланы мектепке дейінгі білім беру ұйымға қабылдайды |