Аудандар және қалалар бойынша cубсидиялар көлемдерін белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 170 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 шілдеде № 3228 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Аудандар және қалалар бойынша осы қаулыға қосымшаға сәйкес тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандатуға арналған cубсидиялар көлемі белгіленсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 254 "Аудандар және қалалар бойынша cубсидиялар көлемдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2764 нөмірмен тіркелген, 2014 жылы 21 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) және 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 392 "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 254 "Аудандар және қалалар бойынша cубсидиялар көлемдерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2923 нөмірмен тіркелген, 2014 жылы 25 желтоқсанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Тұяқбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов

      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

  Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы 12 маусым
№ 170 қаулысына
қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандатуға арналған cубсидиялар көлемі


Қала мен аудандардың атауы

Тыңайтқыштар көлемі, мың тонна

Субсидия көлемі, мың теңге

1

Арыс

2,82

72662,6

2

Бәйдібек

1,80

49939,2

3

Қазығұрт

6,30

163321,4

4

Мақтарал

34,64

949799,0

5

Ордабасы

7,89

224573,6

6

Отырар

1,40

38841,6

7

Сайрам

3,40

94882,6

8

Сарыағаш

7,20

216748,8

9

Созақ

0,20

5548,8

10

Төлеби

2,43

67881,6

11

Түлкібас

2,52

68819,2

12

Шардара

6,70

197102,4

13

Түркістан

3,32

93782,4

14

Шымкент

0,50

13872,0

15

Кентау

0,20

5548,8

Барлығы

81,32

2263324