"Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтаарал аудандары аумақтарында карантиндік аймақ белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 119 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 мамырда № 3179 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 3) тармақшасына және 14-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 03-03/1547 ұсынысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 137 «Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтаарал аудандары аумақтарында карантиндік аймақ белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2075 болып тіркелген, 2012 жылдың 31 мамырында «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының атауы келесі мәтіндегі жаңа редакцияда жазылсын: «Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтарал, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары аумақтарында карантиндік аймақ белгілеу туралы»;
      1 және 2-тармақтарындағы: «Мақтаарал» деген сөзден кейін «Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Айтаханов
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

Облыс әкімдігінің 2015 жылғы
«22» сәуірдегі № 119 қаулысына
қосымша

Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтарал, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары аумақтарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарындағы карантиндік аймақ

Қала және аудан атауы

Карантиндік объекті атауы

Көлемі, гектар

1

Арыс

қауын шыбыны

545

2

Түркістан

қауын шыбыны

226

3

Сарыағаш

қауын шыбыны

400

4

Отырар

қауын шыбыны

514

5

Шардара

қауын шыбыны

421

6

Мақтаарал

қауын шыбыны

812

7

Сайрам

жеміс ағаш күйігі

5,3

8

Ордабасы

қауын шыбыны

85

9

Бәйдібек

қауын шыбыны

10



Жиыны



3018,3