Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 446-V "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Құрманғазы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 474-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 қаңтарда № 3418 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабын басшылыққа алып аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 446-V "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Құрманғазы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3308 санымен тіркелген, 2015 жылғы 22 қазанда аудандық "Серпер" үнжариясында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      "базалық" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың ХХХХІV
сессиясының төрағасы
Б. Жүгінісов
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев