Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 23 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 шілдеде № 3269 болып тіркелді
Қолданыстағы1. Жасқайрат ауылында бір иттен құтыру ауруының шығуына байланысты Шүкір Еркінов көшесінде орналасқан № 1, 8, 9, 12, 13 үйлерге шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қызылқоға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өз міндетіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.