1. Бейбарыс ауылдық округіне қарасты "СП Первомайский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында пастереллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Махамбет аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | С. Сатымқызы |
МАТҚҚБ_______________
КЕЛІСІЛДІ: