РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 979 "Атырау қаласының коммуналдық меншігіндегі мүліктерін жекешелендіру туралы" қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) (2014 жылғы 24 тамызда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2998 болып тіркелген, облыстық "Атырау" газетінде 2014 жылы 1 қазанда жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) Қаулының орыс тіліндегі атауындағы "имущества" деген сөз "имуществ" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) қосымшадағы мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтінде "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.Шәкіроваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н.Ожаев