"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоксандағы № 376 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 қаңтарда № 3428 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "25" желтоқсандағы № 376 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "25" желтоқсандағы № 376 қаулысымен бекітілген

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – басқарма), Атырау қаласы мен аудандарының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын бөлімдерімен (бұдан әрі – бөлім) көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүргізіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11432 болып тіркелген) бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға өтінім негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) бөлім қызметкері құжаттар топтамасымен өтінімді қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркеуді жүргізеді және бөлім басшысына жолдайды - 15 (он бес) минут;
      2) бөлім басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыға жолдайды - 15 (он бес) минут ішінде;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы өтiнiм мен құжаттарды алғаннан кейiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi және ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрі – ВАК) қарауға ұсынады - 3 (үш) жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінім мен құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға пысықтауға қайтарылады - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      4) ВАК бөлім ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін жасайды – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      5) бөлімнің жауапты орындаушысы егістің белгіленген оңтайлы мерзімі аяқталған соң өскіндердің болуын, сондай-ақ ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасында (сызбасында) көрсетілген ауыспалы егістердің сақталуын шолып тексеру мақсатында екі апта мерзімде ВАК-тің (келісім бойынша) көрсетілетін қызметті алушылар шаруашылықтарына шығуын ұйымдастырады, өскіндердің болуын шолып тексеру;
      6) ВАК тексеру қорытындылары бойынша өткен жылғы күздік дақылдарды (қыстап шыққаннан кейін) және көп жылдық шөптерді қоса, көрсетілетін қызметті алушының егістіктері мен екпелерін қабылдау актісін (бұдан әрі – қабылдау актісі) жасайды және аудан (Атырау қаласы) әкіміне (бұдан әрі - әкім) бекітуге жолдайды - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      7) әкім көрсетілетін қызметті алушының қабылдау актісін қарайды және бекітеді - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      8) ВАК қабылдау актісі және көрсетілетін қызметті алушының бөліміне ұсынған құжаттарының негізінде егістікті соңғы қабылдау жүргізілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде тізім жасайды және әкімге бекітуге жолдайды;
      9) әкім көрсетілетін қызметті алушылар тізімін бекітеді және бөлім басшысына жолдайды - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      10) бөлім басшысы әкiм бекiткен көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмін, қабылдау актiлерiн және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмірі көрсетілген банктiк шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банк анықтамасын жолдайды - 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;
      11) басқарма қызметкері қажетті құжаттар тапсырылған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және басқарма басшысына жолдайды – 30 (отыз) минут ішінде;
      12) басқарма басшысы құжаттармен танысады және басқарманың жауапты орындаушысына жолдайды - 1 (бір) сағат ішінде;
      13) басқарманың жауапты орындаушысы құжаттардың дұрыстығын тексереді, субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады және басқарманың қаржы бөліміне жолдайды – 2 (екі) жұмыс күнi iшiнде;
      14) басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкестігін тексереді, төлем шоттарын қалыптастырады және басқарма басшысына субсидиялар төлеуге арналған ведомость пен төлем шоттарын қол қоюға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде;
      15) басқарма басшысы ведомостьке және төлем шоттарына қол қояды және басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жолдайды - 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде;
      16) басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне субсидиялар төлеуге арналған төлем шоттарының тізілімі мен екі данада төлем шоттарын ұсынады – 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) бөлімнің қызметкері;
      2) бөлімнің басшысы;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы;
      4) ведомствоаралық комиссия (ВАК);
      5) аудан әкімі;
      6) басқарма қызметкері;
      7) басқарма басшысы;
      8) басқарманың жауапты орындаушысы;
      9) басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсiмнің (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс – қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1 - қосымшасында, "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің 2 – қосымшасында келтірілген.

  "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсiмнің (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс – қимылдар) реттілігінің сипаттамасы


  "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметтін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы