Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 02 қазандағы № 306 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 қарашада № 3338 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Мыналар:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік қызмет регламенті;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
       Атырау облысы әкiмдігінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 121 "Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2923 тіркелген, 2014 жылы 17 шілдеде "Атырау" газетінде жарияланған) және 2014 жылғы 29 тамыздағы № 264 "Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 121 "Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3008 тіркелген, 2014 жылы 18 қазанда "Атырау" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облыс әкімінің орынбасары Т.Ә.Шәкімовке жүктелсін.
       Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 "Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "2" қазандағы № 306 қаулысына 1 - қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "2" қазандағы № 306 қаулысымен бекітілген

"Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

       "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы орган - "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      2) www.egov.kz, www.elincense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
       Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
       Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Халықаралық техникалық байқау сертификаты (бұдан әрі – халықаралық сертификат) не Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 "Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу орны мен күні туралы хабарлама жолданады.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

       Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) басталу үшін негіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына сәйкес өтініш не көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу болып табылады.
       Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ХҚО-нан не порталдан құжаттар келіп түскен сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде өтінішті кіріс хат-хабарын тіркеу журналына тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) митнут ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын 1 (бір) сағат ішінде қарайды және көрсетілетін қызмет беруші бөлімінің қызметкеріне орындауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкері өтінішті қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеріп, халықаралық техникалық байқау сертификатын рәсімдейді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде лицензияға не мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қолын қойып, оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күн ішінде халықаралық куәлікті немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты хат тасушы арқылы ХҚО-ға не порталға жолдайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

       Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкері.
       Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау схемасы осы регламенттің 1-қосымшасында, "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

       ХҚО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер және шешім (ХҚО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың №1 диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген):
      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады, сонымен қатар осы жүйемен автоматты түрде тартылады және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен (бұдан әрі – СН ұлттық тізілімі) және "Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйеден (бұдан әрі - БСАЖ АЖ) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәлімет сақталады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекітіп беру, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ) көрсетілетін қызметті алушының парольді енгізу процесі (авторландыру процесі);
      3) 1-шарт – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН/ЖСН) және пароль арқылы тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-дың авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректерді енгізу) қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы үшін экранға сұрау нысанын шығару, сондай-ақ СН ұлттық тізілімі және БСАЖ АЖ-дан көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы сұрау;
      6) 2-шарт - СН ұлттық тізілімі және БСАЖ АЖ-дағы көрсетілетін қызметті алушының деректерін тексеру;
      7) 4-процесс – СН ұлттық тізіліміндегі, БСАЖ АЖ-дағы көрсетілетін қызметті алушы деректерінің растамауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-процесс – сұрау салу куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      9) 3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған тізімінде күші (жойылған) тіркеу куәліктерінің жоқ болуын, сондай-ақ сұрау салу көрсетілген БСН/ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН/ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тексеру;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сының түпнұсқаулығын растамауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректер) куәландыру (қол қою);
      12) 8-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұрау салуды өңдеу;
      13) 4-шарт – рұқсат құжатын беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
      14) 9-процесс – Стандарттың 9-тармағына сәйкес бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ қалыптастырған қызмет нәтижелерін алуы. Электрондық көрсетілетін құжат қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-н пайдалана отырып қалыптастырылады.
       "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

  Халықаралық техникалық байқау сертификаты мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер реттілігінің сипаттамасы

  Халықаралық техникалық байқау сертификаты мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру"

      "Халықаралық техникалық байқау сертификаты" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың №1 диаграммасы

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдың №2 диаграммасы

      Шартты белгілер:
      
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "2" қазандағы № 306 қаулысына 2 - қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "2" қазандағы № 306 қаулысымен бекітілген

"Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

       "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы орган - "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      2) www.egov.kz, www.elincense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
       Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
       Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқалары не мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу орны мен күні туралы хабарлама жолданады.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

       Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді(іс-қимылды) басталу үшін негіз Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы № 557 "Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1,2 немесе 3,4 қосымшаға сәйкес өтініш не көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу болып табылады.
       Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ХҚКО-дан не порталдан құжаттар келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде өтінішті кіріс хат-хабарын тіркеу журналына тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын 1 (бір) сағат ішінде қарайды және көрсетілетін қызмет беруші бөлімінің қызметкеріне орындауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкері өтінішті қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеріп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды лицензияны беру кезінде - 14 (тоғыз) жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқасын беру кезінде - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде лицензияға не мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қолын қойып, оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күн ішінде лицензияны немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты хат тасушы арқылы ХҚО-ға жолдайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

       Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкері.
       Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау схемасы осы регламенттің 1-қосымшасында, Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

       ХҚО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер және шешім (ХҚО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың №1 диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген):
      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады, сонымен қатар осы жүйемен автоматты түрде тартылады және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен (бұдан әрі – СН ұлттық тізілімі) және "Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйеден (бұдан әрі - БСАЖ АЖ) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәлімет сақталады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекітіп беру, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ) көрсетілетін қызметті алушының парольді енгізу процесі (авторландыру процесі);
      3) 1-шарт – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН/ЖСН) және пароль арқылы тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-дың авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректерді енгізу) қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы үшін экранға сұрау нысанын шығару, сондай-ақ СН ұлттық тізілімі және БСАЖ АЖ-дан көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы сұрау;
      6) 2-шарт - СН ұлттық тізілімі және БСАЖ АЖ-дағы көрсетілетін қызметті алушының деректерін тексеру;
      7) 4-процесс – СН ұлттық тізіліміндегі, БСАЖ АЖ-дағы көрсетілетін қызметті алушы деректерінің растамауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-процесс – сұрау салу куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      9) 3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған тізімінде күші (жойылған) тіркеу куәліктерінің жоқ болуын, сондай-ақ сұрау салу көрсетілген БСН/ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН/ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тексеру;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сының түпнұсқаулығын растамауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректер) куәландыру (қол қою);
      12) 8-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұрау салуды өңдеу;
      13) 4-шарт – рұқсат құжатын беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
      14) 9-процесс – Стандарттың 9-тармағына сәйкес бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ қалыптастырған қызмет нәтижелерін алуы. Электрондық көрсетілетін құжат қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-н пайдалана отырып қалыптастырылады.
       "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы 2-қосымшада берілген.

  "Жолаушыларды облысаралы қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер реттілігінің сипаттамасы

  "Жолаушыларды облысаралы қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру"

  "Жолаушыларды облысаралы қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша