Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 07 тамыздағы № 238 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 қыркүйекте № 3288 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16 – бабының 3 - тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес "Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес "Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 274 "Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2992 тіркелген, 2014 жылы 1 қазанда "Атырау" газетінде жарияланған) және 2014 жылғы 15 шілдедегі № 198 "Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2962 тіркелген, 2014 жылы 19 тамызда "Атырау" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ. И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 "Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілуінен бұрын емес.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "7" тамыздағы № 238 қаулысына 1-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "7" тамыздағы № 238 қаулысына бекітілген

"Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы - "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат туралы хат.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс -қимылды) бастауға еркін нысандағы өтініш негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды, құжаттар топтамасының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 "Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9 - тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігіне талдау жасайды, егер құжаттар көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, онда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, өтініштің кеңседе тіркелгені туралы растаумен өтініштің көшірмесі беріледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жолданады (15 (он бес) минут ішінде);
      Құжаттар топтамасы талаптарға сәйкес келмесе, көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарылады (15 (он бес) минут ішінде).
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің маманына жолдайды (30 (отыз) минут ішінде);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы келіп түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызметті нәтижесін дайындайды және қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды (29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күн ішінде);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды (30 (отыз) минут ішінде);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының қолына береді (15 (он бес) минут ішінде).

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1 - қосымшасында келтірілген.
      8. "Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2 - қосымшасында келтірілген.

  "Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы


  "Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы



  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "7" тамыздағы № 238 қаулысына 2-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "7" тамыздағы № 238 қаулысына бекітілген

"Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі және (немесе) конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия хаттамасы негізінде қағаз түрінде облыстың жергілікті атқарушы органы және конкурс жеңімпазы арасындағы су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) басталуға еркін нысандағы өтініш негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды, құжаттар топтамасының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 "Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9 - тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігіне талдау жасайды, егер құжаттар көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, онда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, өтініштің кеңседе тіркелгені туралы растаумен өтініштің көшірмесі беріледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жолданады (15 (он бес) минут ішінде);
      Құжаттар топтамасы талаптарға сәйкес келмесе, көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарылады (15 (он бес) минут ішінде).
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің маманына жолдайды (30 (отыз) минут ішінде);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы келіп түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды және қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды (59 (елу тоғыз) жұмыс күні ішінде);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметтің берушінің кеңсесіне жолдайды (30 (отыз) минут ішінде);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының қолына береді (15 (он бес) минут ішінде).

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1 - қосымшасында келтірілген және "Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2 - қосымшасында келтірілген.

  "Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы


  "Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы