Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 238-V "Атырау облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 380-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 маусымда № 3233 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 9 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХХІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 238-V "Атырау облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2893 рет санымен тіркелген, 2014 жылы 29 сәуірде "Атырау" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Регламентте:
      мемлекеттік тілдегі 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:
      "7. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т. Мұқатанов) жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            М. Қалиев

      Мәслихат хатшысы                           С. Лұқпанов