Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 24.01.2017 № 16 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
Ескерту. 2-тармағы жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 24.01.2017 № 16 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығының қолданысқа енгізілуінен бұрын емес.
Ескерту. 4-тармағы жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 24.01.2017 № 16 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі 120 қаулысына 1- қосымша |
Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 56 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 2887 нөмірімен тiркелген, 2014 жылғы 29 сәуірдегі "Атырау" газетiнде жарияланған).
2. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 253 "Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 56 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 3002 нөмірімен тiркелген, 2014 жылғы 14 қазандағы "Атырау" газетiнде жарияланған).
3. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 61 "Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 56 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 3125 нөмірімен тiркелген, 2015 жылғы 21 наурыздағы "Атырау" газетiнде жарияланған).
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 120 қаулысына 2-қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 120 қаулысымен бекітілген |
Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 24.01.2017 № 16 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Атырау қаласы және аудандарда ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлеттi органдармен көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 24.01.2017 № 16 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соңқолданысқа енгізіледі).2. .. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10805 болып тіркелген) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 24.01.2017 № 16 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соңқолданысқа енгізіледі).
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңі көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін құжаттар топтамасы түскен сәттен және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі берілген сәтке дейін:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері:
көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың тізбесін қабылдайды және тіркейді, тұрақты жұмыс істейтін комиссияға құжаттар пакетін қарау үшін жолдайды (күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде).
көрсетілетін қызметті алушының құжаттары толық болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қайтарады (30 (отыз) минут ішінде);
2) тұрақты жұмыс істейтін комиссия түскен құжаттарды қарайды және аудан немесе Атырау қаласы әкімдігіне (әкім аппараты) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету туралы ұсыным жасайды (күнтізбелік 10 (он) күн ішінде);
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері комиссиядан ұсыным түскеннен кейін:
мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес дәлелді жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды (1 (бір) күн ішінде);
мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде ұсыным түскен жағдайда, қаулы жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісу үшін жолдайды (күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде);
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қаулы жобасымен келіседі және аудан немесе Атырау қаласы әкімдігіне (әкім аппаратына) келісуге және бекіту жолдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне қайтарады (1 (бір) күн ішінде);
5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді (1 (бір) күн ішінде);
6) әкімдік қаулы қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды (күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде);
7) көрсетілетін қызметті беруші, сенімгер (агент) және көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша келісім жасасады (күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде);
8) келiсiм жасалғаннан кейiн:
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға көтерме жәрдемақы төлейді (күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде);
сенімгер (агент) көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй құрылысына немесе тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие ұсынады (30 (отыз) жұмыс күні ішінде).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне келесі құрылымдық-функционалдық бөлімшелер жатады (бұдан әрі - ҚФБ):
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) тұрақты жұмыс істейтін комиссия;
4) аудан немесе Атырау қаласы әкімдігі.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
8. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 24.01.2017 № 16 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соңқолданысқа енгізіледі).
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - Атырау
облысы әкімдігінің 24.01.2017 № 16 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ бұрышы және тақырыбы жаңа
редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 24.01.2017 № 16 қаулысымен
(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).