Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 108 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 мамырда № 3200 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1–бабы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитеті Атырау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 06/71 ұсынысына сәйкес, облыс аумағын, өсімдік және өсімдік текті өнімдерін карантиндік нысандардың таралуынан қорғауды қамтамасыз ету және карантиндік нысандардың таралу ошақтарын дер кезінде анықтау, оқшаулау және толық жою мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының әкімшілік- аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақ белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (С. Рысқалиевқа) және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (А. Жанғалиевқа) (келісім бойынша) жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі

Б. Ізмұхамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      министрлігі агроөнеркәсіптік
      кешендегі мемлекеттік
      инспекция Комитетінің
      Атырау облыстық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ____________ А. Жанғалиев
      2015 жылғы "17" сәуір



Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "17" сәуірдегі № 108 қаулысына қосымша

Аумағында карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймағы белгіленген әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесі

      Укекіреге (қызғылт) карантин
 
 

№ р/с
 

Аудандар атауы
 

Ауылдық округтер атауы
 

Ұйымдардың, шаруа (фермерлік) қожалықтардың атаулары, жер санаттары
 

Залалданған алаң, га
 

1
 

Махамбет
 

Бейбарыс
 

"Первомайский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
 

200
 



Ақтоғай
 

"Райхан" шаруа қожалығы
 

200
 


Жиынтығы:
 



400
 

2
 

Қызылқоға
 

Жанкелді
 

Мемлекет қорындағы жерлер (әкімшілік, ауылдық округ)
 

200
 



Ойыл
 

Мемлекет қорындағы жерлер (әкімшілік, ауылдық округ)
 

700
 


Жиынтығы:
 



900
 

3
 

Индер
 

Бөдене
 

"Индер орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" мемлекеттік мекемесі
 

200
 


Жиынтығы:
 



200
 


Барлығы облыс бойынша:
 



1500
 

   

      Шөптесін өсімдіктерде паразиттік тіршілік ететін арамсояуларға карантин
 
 

№ р/с
 

Аудандар атауы
 

Ауылдық округтер атауы
 

Ұйымдардың, шаруа (фермерлік) қожалықтардың атаулары, жер санаттары
 

Залалданған алаң, га
 

1
 

Атырау қ.
 

-
 

Мемлекет қорындағы жерлер (қалалық әкімшілік)
 

1,954
 



-
 

Жеке меншік мекеме "Максимум" адвокат кеңсесі"
 

0,046
 



Қайыршақты
 

"Қарағаев" шаруа қожалығы
 

40
 


Барлығы облыс бойынша:
 



42
 

   

      Калифорниялық қалқаншалы сымырға карантин
 
 

№ р/с
 

Аудандар атауы
 

Ауылдық округтер атауы
 

Ұйымдардың, шаруа (фермерлік) қожалықтардың атаулары, жер санаттары
 

Залалданған алаң, га
 

1
 

Атырау қ.
 

Қайыршақты
 

"Қарағаев" шаруа қожалығы
 

27
 


Барлығы облыс бойынша:
 



27