"Тайынша ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Тайынша ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 54 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда N 3508 болып тіркелді
Қолданыстағы1. "Тайынша ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 43 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 қазандағы № 3421 тіркелген, 2015 жылғы 23 қазандағы, 2015 жылғы 13 қарашадағы "Тайынша таңы" және 2015 жылғы 23 қазандағы, 2015 жылғы 13 қарашадағы "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 64) тармақшасы жаңа мазмұнда баяндалсын:
"64) № 517 сайлау учаскесі:
сайлау учаскесінің орналасқан орны: Летовочное ауылы, Школьная көшесі 25, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің "Летовочное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Летовочное ауылы;".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.