Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 73 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 сәуірде N 3187 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы N 204 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 13.05.2016 N 204 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14-3) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыс берушілеріне қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындардың жалпы санынан 1,5 пайыз мөлшерінде жұмыс орындар квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндет атқарушы А. Құсайынов