"Жер салығының ставкалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 шешіміне толықтырулар енгізу туралы"
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 39-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 маусымда N 3283 болып тіркелді
Қолданыстағы1. "Жер салығының ставкалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 14 қаңтарда № 13-9-111 тіркелген, аудандық "Мағжан Жұлдызы" газетінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 4, аудандық "Вести" газетінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 4 сандарында жарияланған (бұдан әрі – шешім) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешім мынадай мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 378, 444-баптарында белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері сәйкесінше он есе жоғарылатылсын:
1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесі;
2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.