Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 3 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 18 шілдедегі № 299 (2008 жылғы 26 тамызда № 13-8-90 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, "Маяк" аудандық газетінде 2008 жылғы 29 тамызда, "Қызылжар" аудандық газетінде 2008 жылғы 29 тамызда жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауданының әкімі |
Б. Жұмабеков |
"КЕЛІСІЛДІ" |
А. Молдахметова |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 184 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және елді мекенде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесі
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
2) барлық мамандықтардың орташа медициналық ұжымы, оның ішінде:
медициналық бике;
емдәм бике;
мамандандырылған медбике;
әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
медициналық зертханашы;
акушер;
тіс дәрігері;
тіс технигі;
рентген зертханашы;
зертханашы;
фармацевт;
фельдшер;
фельдшер(-зертханашы).
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) күту жөніндегі әлеуметтік жұмыскер;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;
4) қызметпен қамту маманы;
5) әлеуметтік жұмыскер.
3. Білім саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме басшысы;
2) қазыналық кәсіпорын басшысы;
3) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме басшысы;
4) мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорын басшысы;
5) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
6) қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
7) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
8) мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
9) мұғалім;
10) әлеуметтік педагог;
11) педагог-психолог;
12) барлық атаулардың оқытушысы;
13) тәрбиеші;
14) тәрбиешінің көмекшісі;
15) музыкалық басшы;
16) қосымша білім педагогы;
17) мәдени ұйымдастырушы;
18) әдістемелік бөлменің басшысы;
19) әдіскер;
20) өндірістік оқыту шебері;
21) үйірме басшысы;
22) медициналық бике;
23) кітапханашы;
24) аға вожатый;
25) зертханашы;
26) кітапхананың меңгерушісі;
27) интернаттың меңгерушісі;
28) психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;
29) шеберхананың меңгерушісі;
30) БӘД оқытушы-ұйымдастырушы;
31) жаттықтырушы;
32) оқу бөлімінің хатшысы;
33) психолог.
4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) директор;
2) балалар кітапханасының меңгерушісі;
3) әдістемелік-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі;
4) әдіскер;
5) кітапханашы;
6) библиограф;
7) әдебиетті өңдеу және орналастыру жөніндегі редакторы;
8) ансамбль басшысы;
9) аккомпаниатор;
10) көпшілік іс-шаралар инструкторы;
11) хор дирижеры;
12) суретші-көркемдеуші;
13) дыбыс операторы;
14) хореограф;
15) мәдени ұйымдастырушы;
16) музыкалық оқытушы.
5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) басшы;
2) директор;
3) басшы орынбасары;
4) оқу ісі жөніндегі директор орынбсары;
5) спорт жөніндегі әдіскер;
6) жаттықтырушы-оқытушы.
6. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) ветеринарлық санитар;
2) ветеринарлық фельдшер;
3) мал дәрігері.