«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 4, 6- тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка селолық округінің аумағында аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар үшін үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орын белгіленсін.
2. Шарттық негізде аудандық мәслихаттың депутаттығына барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жай 2-қосымшаға сәйкес ұсынылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
И. Турков |
«КЕЛІСІЛГЕН» |
|
Жамбыл аудандық сайлау |
Л. Топорова |
2015 жылдың 22 қаңтары |
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 қаңтарындағы № 21 қаулысына 1-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка селолық округінің аумағында аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар үшін үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыру үшін орын
р/№ |
Селолық округтің атауы |
Елді-мекеннің атауы |
Үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыру үшін орын |
1 |
Благовещенка |
Благовещенка селосы |
«Благовещенка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратына іргелес аумақтағы ақпараттық стенд |
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 қаңтарындағы № 21 қаулысына 2-қосымша |
Аудандық мәслихаттың депутаттығына барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін шарттық негізде ұсынылатын
үй-жайлар
р/№ |
Селолық округтің атауы |
Елді-мекеннің атауы |
Үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар |
1 |
Благовещенка |
Благовещенка селосы |
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка селолық округі әкім аппаратының «Благовещенка мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ғимаратының мәжіліс залы |