Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 156 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 мамырда N 3254 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Жұмыссыздардың еңбекақысының мөлшері бекітілсін, 2 қосымшаға сәйкес.
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қоғамдық жұмыстар" жұмыспен қамту бағдарламасы" 452-002-100 бағдарламасы бойынша осы мақсаттарға жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қоғамдық қызметкерлердің еңбекақы төлемі "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы есебінен жүргізсін.
      5. Қоғамдық жұмыстарға сұраныс және ұсыныс анықталсын:
      жұмыс орындарына мәлімделген қажеттілігінің санында – 360 адам;
      жұмыс орындарына бекітілген қажеттілігінің санында – 360 адам.
      6. Қоғамдық жұмыстардың шарттары бес күн ұзақтығымен, екі демалыс күнімен қалыпты жұмыс аптасы белгіленеді. Еңбек жағдайларын ескере, еңбек шартымен көзделген жұмыс уақытының икемді режимі белгіленуі мүмкін.
      7. "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) жұмыссыз азаматтарды уақытша қоғамдық жұмыстарға жіберуді қамтамасыз етсін, бекітілген тізбеге сәйкес;
      2) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарт жасасын.
      8. Күші жойылды деп танылсын:
      1) "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 143 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 2277 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2013 жылғы 27 мамырдағы "Есіл Өңірі" аудандық газетінде, 2013 жылғы 27 мамырдағы "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланды);
      2) "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 143 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 428 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 2463 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2014 жылғы 13 қаңтардағы "Есіл Өңірі" аудандық газетінде, 2014 жылғы 13 қаңтардағы "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланды).
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімі
В. Дудов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаменті
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданның Әділет басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
2015 жылғы 16 сәуір
Н. Рязанцева
      "Солтүстік Қазақстан
облысының Әділет департаменті
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданының сот орындаушыл
аумақтық бөлімі" мемлекеттік
мекемесі филиалы басшысы
2015 жылғы 16 сәуір
Ж. Исаканова

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 156 қаулысына 1-қосымша

Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемі

р/с№
Ұйымдар атауы
Адам саны
Қоғамдық жұмыс түрлері
Жұмыс көлемі
Қоғамдық жұмыстың ұзақтығы (ай)
Қаржыландыру көзі
1.
"Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
2
Азаматтық хал актілерін тіркеу желісі бойынша мұрағат құжаттарымен жұмыс жүргізуге көмек көрсету
Мұрағатпен жұмыс, азаматтық хал актілерін тіркеу желісі бойынша істер номенклатурасын тігу және нөмірлеу – 3000 іс
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
2.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
8
Ауылдық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету
Көшелерді қардан тазалау – 1200 шаршы метр, аумақтың көлемі - 450 шаршы метр, көшелерді қоқыстан жинау - 3200 метр, арам шөптерді жұлу - 450 метр, ағаштарды кесу – 120 дана, бұтақтарды кесу - 210 бұта, ағаштарды ақтау - 120 дана, ескерткіштерді әктеу, сырлау ішінара жөндеу
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
4
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 727 аула
2
3.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
8
Ауылдық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету
Көшелерді қоқыстардан тазалау - 1500 метр, көшеттерді егу - 30 дана , гүлзарларды отырғызу - 20 дана, дуалдарды әктеу - 120 метр. Көшелерді қардан тазалау – 1200 шаршы метр, арам шөптерді жұлу - 150 метр, ағаштарды кесу – 25 дана, ағаштарды әктеу - 30 дана, Старобелка ауылындағы ескерткішті әктеу, сырлау ішінара жөндеу
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
2
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 409 аула
2
4.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Возвышен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
8
Ауылдық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету
Орталық алаңды қоқыстан тазарту - 650 шаршы метр, ауылға кірме жолды және жол шеттерін қардан тазалау - 10000 метр, ағаштарды әктеу - 40 дана, ескерткіштерді ішінара жөндеу, әктеу, сырлау - 2 дана, ағаштарды әктеу – 40 дана, көшеттерді отырғызу – 25 дана, бағаналарды әктеу-140 дана, ауыл жолдары бойындағы шөпті шабу - 7750 метр, гүлзарды отырғызу, арамшөп жұлу және суару - 5 дана, гүлзарлар арам шөбін жұлу - 5 дана, ағаштарды кесу - 30 дана
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
2
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 151 аула
2
5.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Дружба ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
6
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 858 аула
2
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
6.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Көкалажар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
8
Ауылдық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету
Қоқыстан аланды тазалау – 1800 шаршы метр, ағаштар мен бағаналарды әктеу - 170 дана, ескерткіштерді жартылай жөндеу, әктеу, сылау - 2 дана, гүлзарды бөлу және гүл егу - 10 гүлзар, арам шөпті жұлу -1000 метр, орталық аланды қоқыстан жинау - 900 шаршы метр, ауылға кірме жолды және жол шеттерін қардан тазалау - 6500 шаршы метр
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
2
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 296 аула
2
7.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Қырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
8
Ауылдық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету
Орталық аланда қоқыстан тазарту - 520 шаршы метр, ағаштары кесу – 50 дана, ағаштар мен бағаналарды әктеу - 70 дана, арам шөп жұлу, гүлзарларды отырғызу - 10 гүлзар, ескерткіштерді жартылай жөндеу, әктеу, сылау - 3 дана
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
2
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 198 аула
2
8.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
4
Ауылдық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету
Көшелерді қоқыстан тазарту – 800 шаршы метр, ағаштар әктеу - 40 дана, гүлдер, көшеттер егу, суару - 5 гүлзар, қоршауларды сырлау, әктеу - 130 метр, ескерткіштердің жанын қоқыстан тазарту - 3 дана
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
4
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 924 аула
2
9.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Нежинка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
9
Ауылдық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету
Көшелерді қоқыстан тазарту – 880 шаршы метр, көшелерді арам шөптен тазарту - 1500 метр, ағаш отырғызу - 20 дана, жас бұтақтарды кесу 120 ағаш, ескерткіштің жанын қоқыстан тазарту
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
6
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 1600 аула
2
10.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
74
Ауылдық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету
Ауыл көшелерін қоқыстан тазалау - 15200 метр, жол жиектерін қоқыстан тазарту - 30 километр, көшелер бойынша және жол жиектерінің арам шөбін жұлу - 4800 метр. Қардан тазалау - 1500 шаршы метр аумақта, ескерткіштерді әктеу, сырлау, ішінара жөндеу - 3 дана, ағаштарды кесу - 460 дана, бұтақтар мен бұталарды кесу, ағаштарды әктеу - 520 дана, орындықтарды әктеу, сырлау - 30 дана
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
20
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 2500 аула
2
3
Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді дайындау - 233 іс
6
11.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Новоселов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
6
Ауылдық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету
Көшелерді қоқыстан тазарту – 1500 шаршы метр, ағаштардың бұтақтарын кесу - 25 ағаш, ескерткіштерді әктеу, сырлау, ішінара жөндеу - 2 дана, ауыл көшелері бойына екпе егу - 40 дана
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
4
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 667 аула
2
12.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
51
Ауылдық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету
Алаңды, әкімдік жанын қолмен күн сайын қоқыстан тазалау – 2000 шаршы метр, ауылға кірме жолды және жол шеттерін қардан тазалау - 6500 метр, ауылға кірме жолдың бойындағы шөпті шабу – 2300 метр, ағаштарды кесу - 120 дана, бағаналарды әктеу - 210 дана, қоқысты қолмен арту - 9 арба, ескерткіштерді әктеу, сырлау, ішінара жөндеу - 3 дана
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
8
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 2600 аула
2
1
Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді дайындау - 580 іс
6
13.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Салқынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
8
Ауылдық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету
Ауыл орталығын қармен мұздан тазалау - 1200 шаршы метр, ескерткішті әктеу, сырлау, ішінара жөндеу, ауыл көшелерін қоқыстан тазалау - 5200 шаршы метр, ағаштарды кесу - 120 дана, гүлзарды отырғызу - 20 дана, суағарларды қардан тазарту - 7 дана
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
4
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 134 аула
2
14.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Тахтаброд ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
8
Ауылдық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету
Аумақты қоқыстан тазалау – 2200 шаршы метр, көше бойындағы арам шөпті шабу - 1300 метр, қураған бұталармен ағаштарды кесу - 30 дана, ескерткіштерді әктеу, сырлау, ішінара жөндеу - 5 дана
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
2
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 800 аула
2
1
Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау - 262 іс
6
15.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Червонный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
4
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 644 аула
2
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
16.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
46
Ауылдық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету
Орталықтағы аланды қоқыстан тазалау - 2500 шаршы метр, көшеттер егу –250 дана бағаналарды әктеу - 180 дана, ескерткіштерді әктеу, сырлау, ішінара жөндеу - 5 дана. Көшелерді қардан тазалау - 15 километр, алаң аумағындағы арам шөпті жұлу - 2500 метр, ағаштарды кесу - 160 дана, бұтақтарды кесу - 350 бұта
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
10
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 1200 аула
2
1
Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау - 397 іс
6
2
Мәдениет үйі ғимаратын күзетуде көмек көрсету
Мәдениет үйі - 3200 шаршы метр
6
17.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
6
Ауылдық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету
Орталық алаңды қоқыстан тазалау - 1200 шаршы метр, бұталарды қырқу - 40 дана, ескерткішті ақтау, сырлау, ішінара жөндеу, аялдаманы қардан тазалау, жинау
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
4
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 368 аула
2
18.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Шұқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
6
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету
Аумақтарды қардан тазалау – 800 шаршы метр, көшелерді қоқыстан тазалау - 250 метр, ағаштарды кесу, бұталарды шабу - 20 ағаш, ескерткішті әктеу, сырлау, ішінара жөндеу, шарбақтарды сырлау – 120 метр, клумбалар бөлу - 3 дана, арам шөпті жұлу - 300 метр
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
2
Жылыту маусымында әкімдік ғимаратын жылытуға көмек көрсету.
Әкімдік ғимараты - 500 шаршы метр
4
2
Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
Үй-үйді аралау - 173 аула
2
19.
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Әділет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі
2
Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша, заңды тұлғаларды тіркеу бойынша жұмысқа көмек көрсету; құжаттарды сақтауға дайындауға және өңдеуге көмек көрсету
Мұрағатпен жұмыс, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу желісі бойынша істер номенклатурасын тігу және нөмірлеу – 5000 іс, мұрағатпен жұмыс, заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша істер номенклатурасын тігу және нөмірлеу – 500 іс, ұйымдастыру-бақылау жұмысы желісі бойынша істер номенклатурасын тігу және нөмірлеу – 100 іс
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті
20.
"Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының сот орындаушыл аумақтық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің филиалы
2
Атқару құжаттарын орындауға көмек көрсету
Атқару құжаттарымен жұмыс – 1964 іс
6
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджеті

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 156 қаулысына 2-қосымша

Жұмыссыздар еңбекақысының мөлшері

№ р/с
Жұмыс түрлері
Бір жұмыссызға еңбекақы мөлшері
Жұмыс тәртібі
Бес күндік жұмыс аптасы
1.
Дене еңбегіне және ашық ауамен байланысты жұмыстар (ауылдық елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру)
1,5 ең төменгі еңбекақы
жұмыс күні- 8 сағат
2.
Ғимарат ішінде орындалатын және дене еңбегіне байланыссыз жұмыстар
1 ең төменгі еңбекақы
жұмыс күні - 8 сағат