"Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 12-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихатының 2015 жылғы 3 қарашадағы N 36-5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қарашада N 3470 болып тіркелді
Қолданыстағы1. "Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 12-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 31 шілдеде № 2342 тіркелген, 2013 жылғы 8 тамыздағы "Аққайың" газетінде, 2013 жылғы 8 тамыздағы "Колос" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.