"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 493 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда N 3582 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 58 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 06.02.2017 № 58 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 493 қаулысымен бекітілген

"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/655 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12091 болып тіркелген) бекітілген "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленді. "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен (бұдан әрі – лицензия) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес бюджетке қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді:
      1) қызметтің осы түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – AЕК) құрайды;
      2) лицензияларды қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;
      3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 100 пайызын құрайды.
      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушымен (не оның өкілімен сенімхат бойынша) мынадай құжаттарды ұсыну болып табылады:
      1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн:
       осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер нысаны);
      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
       осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
       осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
       мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпарат қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат бар құжаттардың көшірмелері;
      4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген кезде лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
      еркін нысанда өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      портал арқылы:
      1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн:
       осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
       2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпарат қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат бар құжаттың электрондық көшірмесі;
       4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген кезде лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда қоспағанда жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
       көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін және құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебе көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, өтінішті тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады – 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы тиісті бұрыштама қояды және құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттар топтамасын тапсырады – 30 (отыз) минут;
      3) құрылымдық бөлімшенің басшысы өтінішті құжаттардың қосымшасымен бірге зерделейді және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын айқындайды – 30 (отыз) минут;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыс ресімделгенін тексереді және сұратуды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – келісуші орган) жібереді не өтінішті әрі-қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді:
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн – 2 (екі) жұмыс күн;
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін – 1 (бір) жұмыс күн;
      лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін – 3 (үш) сағат;
      5) келісуші орган ұсынылған құжаттарды қарайды, өтініш берушінің ұсынылған талаптардың сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы шешім шығарады:
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін – 10 (он) жұмыс күн;
       лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін – 1 (бір) жұмыс күн;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы келісуші органның тиісті шешімі негізінде электрондық немесе қағаз тасымалдағышта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды, не:
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны – 2 (екі) жұмыс күн;
      қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны – 5 (бес) сағат;
      лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны – 2 (екі) сағат;
      және құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын келісу үшін шығарады;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға тапсырады – 30 (отыз) минут;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне тапсырады – 30 (отыз) минут;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе басшысы тіркейді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.
      7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындау;
      4) сұратуды келісуші органға жіберу, не өтінішті әрі-қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға жіберу;
      5) келісуші орган өтініш берушінің ұсынылған талаптардың сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы шешім;
      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты электрондық немесе қағаз тасымалдағышта дайындау;
      7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын келісу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға тапсыру;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне тапсыру;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің қызметшілері іске қосылған:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;
      5) келісуші орган.
      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, өтінішті тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады – 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы тиісті бұрыштама қояды және құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттар топтамасын тапсырады – 30 (отыз) минут;
      3) құрылымдық бөлімшенің басшысы өтінішті құжаттардың қосымшасымен бірге зерделейді және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын айқындайды – 30 (отыз) минут;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыс ресімделгенін тексереді және сұратуды келісуші органға жібереді не өтінішті әрі-қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді:
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн – 2 (екі) жұмыс күн;
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін – 1 (бір) жұмыс күн;
      лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін – 3 (үш) сағат;
      5) келісуші орган ұсынылған құжаттарды қарайды, өтініш берушінің ұсынылған талаптардың сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы шешім шығарады:
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін – 10 (он) жұмыс күн;
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін – 1 (бір) жұмыс күн;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы келісуші органның тиісті шешімі негізінде электрондық түрінде немесе қағаз тасымалдағышта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды, не:
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны – 2 (екі) жұмыс күн;
      қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны – 5 (бес) сағат;
      лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны – 2 (екі) сағат;
      және құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын келісу үшін шығарады;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға тапсырады – 30 (отыз) минут;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне тапсырады – 30 (отыз) минут;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе басшысы тіркейді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда ЭЦҚ арқылы тіркелуді (авторландыруды) жүзеге асырады;
      2) көрсетілетін қызметті алушының деректері расталғаны туралы хабарлама қалыптастырылады не көрсетілетін қызметті алушының деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады немесе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмауына байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;
      3) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруы және осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеуі;
      4) электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру;
      5) көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеу (тексеру, тіркеу);
      6) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіндегі" мемлекеттік қызметті алу тарихынан электрондық сұрау салу мәртебесі және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының алуы;
      7) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттауға сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін порталға жібереді;
      8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түріндегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін өңдеу және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберу.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігін, өзара іс-қимылдарын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тартылған, ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау, осы регламентке 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші

№ р/н
Облыстың жергілікті атқарушы орган
Заңды мекенжайы
Жұмыс кестесі
1
2
3
4
1
"Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57 В
жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

 
  "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

            1-нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін заңды тұлғаның өтініші

      _____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда шетелдік заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігінің бизнес сәйкестендіру нөмірі)
       Жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын _____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрiнің толық атауы көрсетiлсiн
Қағаз жеткізгіште _______________
(егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса Х таңбасын қою)
Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________
(пошталық индексі, елдің (шетелдік заңды тұлға үшін), облыстың, қаланың, ауданның, елді мекеннің, көшенің аты, үйдің/ғимараттың (стационарлық ғимараттың) нөмірі
       Электронды поштасы_______________________________________________
Телефондары____________________________________________________
Факс__________________________________________________________
Банк шоты______________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
       Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облыстың, қаланың, ауданның, елді мекеннің, көшенің аты, үйдің/ғимараттың (стационарлық ғимараттың) нөмірі
       ______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі.
       Басшы _____________ __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
       Мөр орны Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"_________
      

            2-нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке тұлғаның өтініші

      _____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) жеке сәйкестендіру нөмірі)
Жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрiнің толық атауы көрсетiлсiн) қағаз жеткізгіште _____
(егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса Х таңбасын қою)
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облыстың, қаланың, ауданның, елді мекеннің, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электронды поштасы_______________________________________________
Телефондары____________________________________________________
Факс___________________________________________________________
Банк шоты______________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облыстың, қаланың, ауданның, елді мекеннің, көшенің аты, үйдің/ғимараттың (стационарлық ғимараттың) нөмірі
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі.
       Жеке тұлға ___________ ________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
       Мөр орны (бар болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" _____

 
  "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

             Нысан

            

Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

       Меншiк құқығындағы өндiрiстiк үй-жайлар және пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтауға арналған қойма үй-жайларының болуы туралы мәліметтер:

Р/с №
Кадастрлық нөмірі
Жылжымайтын мүлік
объектісінің
мекенжайы
Меншік иесі
(құқық иеленуші)
Құқығы туындайтын негіз
1
2
3
4
5

       Жалға берілетін қойма үй-жайларының (жалға беру кезінде) болуы туралы мәліметтер:

Р/с №
Жалға беру шартының №
Жалға беру шартының күні
Жалға алынатын объектінің мекенжайы
Жалға беруші/орындаушы туралы мәліметтер
атауы
БСН
ЖСН
Мекенжайы
1
2
3
4
5
6
7
8

       Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) үшін жабдықтар туралы мәліметтер:

Р/с №
Жабдықтың атауы
Жабдыққа
арналған
паспорттың
нөмірі
Әзірлеуші зауыттың атауы
Әзірлеуші зауыттың мекенжайы
1
2
3
4
5

       Өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтердің (улы химикаттардың) сапасының техникалық регламенттерге, стандарттар мен нормативтерге сәйкестігіне бақылауды жүргізу үшін аккредиттелген зертхана туралы мәліметтер немесе аккредиттелген зертханамен жасалған шарттар:
       Аккредиттеу аттестатының нөмірі _______________________________
Аккредиттеу әрекетінің басталу күні ___________________________
Аккредиттеу әрекетінің аяқталу күні ___________________________
Аккредиттеу субъектісінің атауы _______________________________
Нормативтік талаптарға сәйкестігі (нормативтік құжаттың атауы)________________
Бағалау объектілері____________________________________________
Зертхананың қызметтерді көрсетуге арналған шарты туралы мәліметтер:
       Шарт нөмірі____________________________________________________
Жасалған күні__________________________________________________
Зертхананың толық атауы________________________________________
БСН____________________________________________________________
ЖСН____________________________________________________________
Мекенжайы______________________________________________________
       Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес өтініш берушi бекiткен әр пестицидтi (улы химикатты) өндiруге (формуляциялауға) арналған ұйым стандартының болуы туралы мәліметтер:
       Ұйым стандартының түпнұсқасын ұстаушы__________________________
Сыртқы экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімді жіктеу____________________
Стандарттардың мемлекетаралық жіктегіші________________________
Стандартты өзгерту нөмірі______________________________________
Стандарттың белгіленуі_________________________________________
Стандарттың атауы______________________________________________
Ұйым стандарты әрекетінің басталу күні_________________________
Ұйым стандарты әрекетінің аяқталу күні_________________________
Қала___________________________________________________________
Ұйым стандартына сәйкес өтініш берушi бекiткен пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiруге (формуляциялауға) арналған технологиялық (өнеркәсiптiк) регламенттің болуы туралы мәліметтер:
       Құжаттың толық атауы (технологиялық регламенттің)______________
Құжатты бекіткен адамның (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар
болса))______________________________________________________________
Құжаттың бекітілген күні_______________________________________
       Техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы мәліметтер:

Р/с №
Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Білімі бойынша мамандығы
Лауазымы
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі
1
2
3
4
5

Пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу жөнiндегi қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

       Меншiк құқығында пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтауға арналған қойма үй-жайларының болуы туралы мәліметтер:

Р/с №
Кадастрлық нөмірі
Жылжымайтын мүлік
объектісінің
мекенжайы
Меншік иесі (құқық иеленуші)
Құқығы туындайтын негіз
1
2
3
4
5

       Жалға берілетін қойма үй-жайларының (жалға беру кезінде) болуы туралы мәліметтер:

Р/с №
Жалға беру шартының №
Жалға беру шартының күні
Жалға алынатын объектінің мекенжайы
Жалға беруші/орындаушы туралы мәліметтер
Атауы
БСН
ЖСН
Мекенжайы
1
2
3
4
5
6
7
8

       Техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы мәліметтер:

Р/с №
Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Білімі бойынша мамандығы
Лауазымы
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі
1
2
3
4
5

Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

       Арнайы техника және жабдық туралы мәліметтер (тізімдеме):

Р/с №
Арнайы техника
Саны, дана
Арнайы жабдық
Саны, дана
1
2
3
4
5

       Негізгі құралдар туралы мәліметтер (тізімдеме)

Р/с №
Негізгі құралдар
Орналасқан жері
1
2
3

       Ішкі істер органдары жол полициясының аумақтық бөлімшелері берген көлік құралын тіркеу туралы куәліктің болуы туралы мәліметтер:

Р/с №
Иесі (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)/заңды тұлғаның атауы)
Тіркеу №
Маркасы, моделі
Техникалық құралдарының шыққан жылы
Техникалық құралдарының санаты
(А, В, С, D, Е)
Қозғалтқыш №
1
2
3
4
5
6
7

       Кестенің жалғасы

Шасси №
Шанақ №
Түсі
Қозғалтқыш көлемі, текше метр
Рұқсат етілген ең жоғарғы масса, килограмм
Жүктемесіз масса, килограмм
Ішкі істер органдары жол полициясының аумақтық бөлімшелері берді (күні)
8
9
10
11
12
13
14

       Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган берген техникалық паспорттың болуы туралы мәліметтер:

Р/с №
Машинаның атауы және маркасы
Жалпы мәліметтер
Әзірлеуші зауыт
Әзірленген айы және жылы
Машинаның зауыт нөмірі
Қозғалтқыштың маркасы және нөмірі
Меншік иесі болып табылмайтын меншік иесі/ие, мекенжайы (керегін таңдау):
Нөмірлік белгі берілді
1
2
3
4
5
6
7
8

       кестенің жалғасы

Ерекше белгілері
Техникалық паспорт берілді (күні)
Сериясы

Машиналарды тіркеуге қабылдау және тіркеуден шығару
салдарынан тіркеуден шығарылды
тіркеуден шығарылған күні
Тіркеуге алынды (жаңа меншік иесінің мекенжайы)
Тіркеуге алынған күні
9
10
11
12
13
14
15
16

       кестенің жалғасы

Нөмірлік белгіні өзгерту
Нөмірлік белгіні берген күні
Белгінің сериясы және нөмірі
17
18

       Меншiк құқығында пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтауға арналған қойма үй-жайларының болуы туралы мәліметтер:

Р/с №
Кадастрлық нөмірі
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы
Меншік иесі (құқық иеленуші)
Құқығы туындайтын негіз
1
2
3
4
5

       Жалға берілетін қойма үй-жайларының (жалға беру кезінде) болуы туралы мәліметтер:

Р/с

Жалға беру шартының №
Күні
Жалға алынатын объектінің мекенжайы
Жалға беруші/орындаушы туралы мәліметтер
Толық атауы
БСН
ЖСН
Мекенжайы
1
2
3
4
5
6
7
8

       Техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы мәліметтер:

Р/с №
Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Білімі бойынша мамандығы
Лауазымы
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі
1
2
3
4
5

 
  "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымша

            1 Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші

      _____________________________________________________________________
(лицензиярдың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда шетелдік заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігінің бизнес сәйкестендіру нөмірі)
       Жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу)
      20___ жылғы "___" _________ берілген №__________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (қосымшалардың) нөмірі (нөмірлері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиярдың атауы жүзеге асыруға
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрiнің толық атауы)
төмендегі негіздер бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):
       1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында анықталған тәртіпке сәйкес заңды тұлға-лицензиаттың қайта ұйымдастыру (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):
бірігу _____________
қайта құру _________
қосылу _____________
бөліп шығару _______
бөліну _____________
2) заңды тұлға-лицензиат атауы өзгерген _______________________
3) заңды тұлға-лицензиаттың тұрғылықты жері өзгерген __________
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған; _____________________________
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген _____________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге__________________________
7) қызмет түрінің атауы өзгерген ___________________
8) кіші қызмет түрінің атауы өзгерген ________________
қағаз жеткізгіште _____
(егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса Х таңбасын қою)
       Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________
(ел – шетелдік заңды тұлға үшін, пошталық индексі, облыстың, қаланың, ауданның, елді мекеннің, көшенің аты, үйдің/ғимараттың (стационарлық ғимараттың) нөмірі
Электронды поштасы______________________________________________
Телефондары____________________________________________________
Факс___________________________________________________________
Банк шоты______________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
пошталық индексі, облыстың, қаланың, ауданның, елді мекеннің, көшенің аты, үйдің/ғимараттың (стационарлық ғимараттың) нөмірі
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі.
       Басшы _____________ ___________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
       Мөр орны Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________
      

            2 Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші

      __________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) жеке сәйкестендіру нөмірі)
      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуіңізді сұраймын
(керегінің астын сызу)
20___ жылғы "___" _________ берілген №__________
_______________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нөмірі (нөмірлері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиярдың атауы жүзеге асыруға
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрiнің толық атауы)
төмендегі негіздер бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):
1) жеке тұлға-лицензиат тегін, атын әкесінің атын (бар болған жағдайда) өзгерген _______
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгерген_________________
3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, заңды мекенжайы өзгерген ____________
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған ________
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген ________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ________
7) қызмет түрінің атауы өзгерген ____________________
8) кіші қызмет түрінің атауы өзгерген _______________
қағаз жеткізгіште _____
(егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса Х таңбасын қою)
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы_____________________________
(пошталық индексі, облыстың, қаланың, ауданның, елді мекеннің, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электронды поштасы_______________________________________________
Телефондары____________________________________________________
Факс___________________________________________________________
Банк шоты______________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облыстың, қаланың, ауданның, елді мекеннің, көшенің аты, үйдің/ғимараттың (стационарлық ғимараттың) нөмірі
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі.
      Жеке тұлға _________ ______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
       Мөр орны (бар болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" ______

  "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 5-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы

      А. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде
      


      Б. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
      


      Шартты белгілер: