"Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 353 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 114 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірде N 3240 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 353 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2964 болып тіркелді, 2014 жылғы 08 қарашада "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді:
      5-тармақтың 3) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "руководство услугодателя подписывает соответствующий проект результата государственной услуги – не более пятнадцати минут. Результат – подписка соответствующего проекта результата государственной услуги;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
Е. Сұлтанов