"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 354 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2965 болып тіркелді, 2014 жылғы 18 қарашада "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ветеринариялық анықтама беру", мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді:
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) рассмотрение предоставленных документов, проведение ветеринарного осмотра животного, продукции и сырья животного происхождения, запись результатов ветеринарного осмотра в ветеринарной справке (ответственный исполнитель);".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е. Сұлтанов |