"Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 312 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 100 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 сәуірде N 3229 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 312 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2955 болып тіркелген, "Северный Казахстан" газетінде 2014 жылғы 25 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді:
      7-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) виза руководителя структурного подразделения и передача результата оказания государственной услуги руководителю услугодателя;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
Е.Сұлтанов