1. "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 08 шілдедегі № 232 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2903 болып тіркелді, 2014 жылғы 06 қыркүйекте "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде орыс тіліндегі мәтін өзгермейді, қазақ тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілсін:
8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу орнына жүгінеді, медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін тексереді, бекітілген халықтың тіркеліміндегі мәліметтермен салыстырады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде орыс тіліндегі мәтін өзгермейді, қазақ тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілсін:
5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу орнына жүгінеді, медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін тексереді, бекітілген халықтың тіркеліміндегі мәліметтермен салыстырады – 10 минут;";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде орыс тіліндегі мәтін өзгермейді, қазақ тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілсін:
5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу орнына жүгінеді, медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін тексереді, бекітілген халықтың тіркеліміндегі мәліметтермен салыстырады – 1 (бір) жұмыс күні;";
көрсетілген қаулымен бекітілген "АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде орыс тіліндегі мәтін өзгермейді, қазақ тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілсін:
5-тармақтың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) көрсетілетін қызметті берушінің психикалық - әлеуметтік консультация кабинетінде дәрігер көрсетілетін қызметті алушымен тестіден кейінгі консультация жүргізеді, егер теріс нәтиже болса – анықтама-сертификат береді – 20 минут;";
5-тармақтың 7-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) көрсетілетін қызметті берушінің психикалық - әлеуметтік консультация кабинетінде дәрігер көрсетілетін қызметті алушымен тестіден кейінгі консультация жүргізеді – 20 минут.";
8-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің психикалық - әлеуметтік консультация кабинетіне барады, дәрігер тестіге дейін АИТВ-жұқпасы мәселелері бойынша консультация жүргізеді – 20 минут;";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Туберкулез диспансерінен анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде орыс тіліндегі мәтін өзгермейді, қазақ тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілсін:
5-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу орнына жүгінеді, медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін тексереді, бекітілген халықтың тіркеліміне сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету ауданына тіркеуде болуын салыстырады – 10 минут;";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде орыс тіліндегі мәтін өзгермейді, қазақ тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілсін:
5-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу орнына жүгінеді, медициналық тіркеуші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін тексереді, психоневрологиялық диспансердің науқастарын тіркеу мәліметтерімен салыстырады – 10 минут;";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Наркологиялық диспансерден анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде орыс тіліндегі мәтін өзгермейді, қазақ тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілсін:
5-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу орнына жүгінеді, медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін тексереді, бекітілген халықтың тіркеліміне сәйкес көрсетілетін қызмет берушінің қызмет көрсету ауданына тіркеуде болуын салыстырады – 10 минут;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е. Сұлтанов |